|
|
|
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы
1-бап. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 12-бапта: 17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «17) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының жаңа банкноттары мен монеттерін шығару және (немесе) оларды ауыстыру туралы мәліметтер, егер оларды ауыстыру шешім қабылданған күннен бастап және бұл мәліметтерді оларды айналысқа шығару туралы жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына берген кезге дейін банкноттар мен монеттерді (мерейтойлық және атаулы күндерге арналғандардан басқа) айналыстан алып тастауға әкеп соқтыратын болса;"; 18) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын,»деген сөздер алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |