|
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 02 сәуірдегі N 135 бұйрығымен бекітілді Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау ЕРЕЖЕСІ Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 1. Жалпы ережелер Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленді және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалар қызметінің негізгі көрсеткіштерін анықтайды. 2. Орташа мәнді есептеу Орташа мән (ОМ) - шоттар (бөлімшелер, бөлімдер) бойынша қалдық мәндерінің сомасын бөлуден алынған айналым балансын осы мәндердің санына бөлуден алынған бөлінді ретінде есептеледі: n Е(интеграл) Хi - i=1 Х = ----------------- n - Мұндағы: x - орташа мән; Хі - Шоттардың үлгі жоспарының шоттар (бөлімшелер, бөлімдер) бойынша талданатын қалдықтарының мәні; n - талданатын мәндердің саны. 3. Шартты белгілер 1. Осы ережелерде мынадай белгілер пайдаланылады: 1) Е(интеграл)КтСальдо(...) - көрсетілген айналым балансы шоттарының, бөлімшелерінің, бөлімдерінің кредит сальдоларының сомасы; 2) Е(интеграл)ДтСальдо(...) - көрсетілген айналым балансы шоттарының, бөлімшелерінің, бөлімдерінің дебет сальдоларының сомасы; 3) Е(интеграл)КтАйн(...) - көрсетілген айналым балансы шоттарының, бөлімшелерінің, бөлімдерінің кредит айналымдарының сомасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |