|
|
|
“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 26, 247-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасында: "Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi" деген 5-бөлiмде: "БСН-дi генерациялау алгоритмi" деген 4-кiшi бөлiмде: 3) тармақшаның бесiншi абзацы алынып тасталсын; "а6" деген бағандағы "3 - өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмше" деген сөздер алынып тасталсын; "Бақылау разрядының мәнiн есептеу алгоритмi" деген 5-кiшi бөлiмде: бірiншi абзацтағы "бір циклда мынадай алгоритм" деген сөздер "екi циклда мынадай алгоритм" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi абзацтағы "mod 10" деген сөздер "mod 11" деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi абзац пен кесте алынып тасталсын; "СН (БСН) қолдану тетiгi мен аясы" деген 6-кіші бөлiмде: он төртiншi абзацтағы "және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлiмшесiн салық органдарында тіркеу" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |