|
|
|
“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы
ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 776 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының инвестициялық декларациясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1383 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының инвестициялық декларациясында: 13-тармақтың бірінші абзацындағы "кемінде 49 пайызды құрауы" деген сөздер "49 пайыздан аспауы" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |