|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 4 қыркүйектегi № 901 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 563 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Мемлекеттік күзетілуi тиiс объектілердiң қауіпсiздiгін қамтамасыз етудiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 36, 364-құжат мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мемлекеттік күзетілуi тиiс объектілер белгілеу ережесiнде: 7-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) Қазақстан Даму Банкi» акционерлік қоғамы;»; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуi тиiс объектілерiнiң тізбесiнде: «Аса маңызды мемлекеттік объектілер» деген I бөлiм мынадай мазмұндағы 8-бөлiмшемен толықтырылсын:
"; кестеде: «Aca маңызды мемлекеттік объектілер» деген I бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 8-жолмен толықтырылсын: «8 «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы» 1 - - 1»; «Жиыны» деген жолда «1077», «110» деген сандар «1078», «111» деген сандармен ауыстырылсын; «Тізбе бойынша барлығы» деген жолда «1345», «236» деген сандар «1346», «237» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |