Күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 411 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы № 2200 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.05. № 407 қаулысымен. 1. Қоса беріліп отырған: 1) Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруына лицензиялар берудің тәртібі; 2) Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің тәртібін бекітсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1507 қаулысымен бекітілген Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруына лицензиялар берудің Тәртібі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тәртiп заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет ретiнде күзет қызметiн жүзеге асыруына мемлекеттік лицензиялар берудiң ретiн, шарттары мен есепке алынуын белгiлейдi. 2. Күзет қызметiн лицензиялаудың мақсаттары: 1) күзет қызметi саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; 2) күзет қызметтерiн көрсету саласында нарықтық қатынастарды және күзет субъектiлерiнiң арасындағы салауатты бәсекелестiктi дамыту; 3) күзет жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтердiң сапасының жоғары деңгейiн және күзет субъектiлерi (лицензиаттар) қызметiнде заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады. 3. Заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет ретiнде күзет қызметiн жүзеге асыруы мiндеттi түрде лицензиялануға жатады. Лицензия болмаған жағдайда жасалған күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған шарт жарамсыз деп танылады. 4. Тиiстi лицензиясыз не нормалар мен ережелердi бұза отырып күзет қызметiмен айналысу заңдарда белгiленген әкiмшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. 5. Күзет қызметi деп жеке тұлғалар (жеке кәсiпкерлер) мен заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкiн қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау бойынша күзет қызметтерiн көрсету, соның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзеттiң және құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды түрде қорғаудың тәсiлдерi жөнiнде консультациялар беру және ұсынымдар дайындау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруы түсініледi. Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.05. № 407 қаулысымен. 6. Лицензиялардың түрлерi: Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша бөлiнедi: 1) Күзет субъектiлерi бойынша: күзет қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына берiлетiн; күзет қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берiлетiн лицензиялар. 2) Қызмет ауқымы бойынша: заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруына мерзiмi шектелмей берiлетiн бас лицензиялар. 3) Қолданылуының аумақтық аясы бойынша: қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына тарайтын; қолданылуы Қазақстан Республикасының белгілi бір аумағымен шектелетiн. 7. Күзет қызметiн лицензиялауды жүзеге асыратын органдар: Лицензиялар беру жөнiндегі уәкiлетті орталық атқарушы орган (лицензиар) Қазақстан Республикасының IIМ болып табылады; Лицензиар заңдарға және осы Тәртіпке сәйкес өзiнiң аумақтық органдарына күзет қызметiн лицензиялау жөнiнде өкiлеттіктер берудiң тәртібін айқындайды. 2. Лицензия берудiң шарттары мен тәртібі 8. Күзет қызметiмен байланысты қызметтердi көрсетуге лицензия алуға үмiткер - заңды және жеке тұлға - осы Тәртiппен белгiленген біліктілік талаптарына сай болуға мiндеттi. 9. Күзет қызметiне байланысты заңды қызметтердi көрсетуге лицензия алуға үмiткер заңды тұлға лицензиярға мынадай құжаттарды табыс етуге мiндетті: 1) белгiленген үлгiдегі өтiнiш; 2) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 3) лицензиялық алымды төлегенi туралы түбіртек. 10. Күзет қызметiмен байланысты қызметтердi көрсетуге лицензия алуға үмiткер - жеке тұлға, лицензиарға мынадай құжаттарды табыс етуге мiндетті: 1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш; 2) лицензиялық алымды төлегенi туралы түбіртек. 11. Заңды тұлға құрусыз күзет қызметiмен байланысты қызметтердi көрсетуге лицензия алуға үмiткер - жеке тұлға, заңды тұлға үшiн белгіленген тәртіппен лицензия алады. 12. Лицензия өтiнiш берiлген күннен бастап бір айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей, шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi үшiн он күндiк мерзiмнен кешiктірiлмей беріледi. 13. Заңды және тұлғалардың, азаматтар мен заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты күзет қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялық алымның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 14. Лицензия беруден бас тарту: Лицензия: 1) осы Тәртiпте белгiленген біліктілік талаптарына сай келмейтiн заңды және жеке тұлғаларға; 2) егер күзет қызметiмен айналысу құқығы үшiн алынатын алым енгізiлмесе; 3) егер өтiнiш берушiге қатысты оған күзет қызметiмен айналысуға тыйым салынған сот шешiмi болса; 4) егер осы Тәртіптiң 9 және 10-тармақтарына сәйкес барлық құжаттар табыс етiлмесе заңды және жеке тұлғаларға берiлмейдi. Лицензия беруден бас тартылған кезде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде дәлелдi жауап қайтарылады. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептердi өтiнiш берушi ол бойынша жойған кезiнде, өтiнiш жалпы негiздерде қаралады. 15. Егер лицензия осы Тәртiпте белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе бас тарту өтiнiш берушiге негізсiз болып көрiнген жағдайда, ол бір ай мерзiмде бұл әрекетке сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 16. Лицензия беруден негізсiз бас тартудан немесе лицензиаттың құқықтарын бұзудан туындаған залалдарды өтеу азаматтық заңдарда белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады. 17. Лицензия: лицензиялар қайтарылып алынған; лицензия берiлген жеке тұлға қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, өзiнiң қолданылуын тоқтатады. 18. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия сақталады. 19. Лицензияның қолданылуының тоқтатылуымен байланысты дауларды соттар шешедi. 20. Лицензия: 1) лицензиат лицензияда жазылған талаптарды орындамаған; 2) лицензиатқа жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға сот тыйым салған; 3) ол бойынша лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайларда сот тәртібімен керi қайтарылып алынуы мүмкiн. 21. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып лицензияның қолданылуын алты айға дейiн тоқтата тұруға құқылы. Лицензиат сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 22. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға түрткi болған себептер жойылғаннан кейiн лицензия лицензиардың қорытындысы негізiнде қайта күшiне енедi. 3. Күзет қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын бiліктілік талаптары 23. Заңды тұлғаларға арналған біліктілік талаптары мыналарды қамтиды: 1) күзет қызметiне лицензия алуға үмiткер ұйым басшысының жоғары заң білімi немесе құқық қорғау органдарында кемiнде үш жыл жұмыс өтілі болуы мiндеттi; 2) күзет ұйымдарының күзетшiлерi үшiн күзетшiлер ретiндегі жұмыс үшiн даярлықтан өткендігін растайтын құжаттардың не құқық қорғау органдарында кемiнде үш жыл жұмыс өтілі болуы; 3) күзетшілерде күзет субъектiсiнiң қызметкерлiгiне үмiткердiң денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметiмен айналысуға жарамдылығы туралы қорытындысымен медициналық анықтаманың болуы (көзiнiң нашар көруiне, психикалық ауруына, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қаруды меңгеруiне қарсы көрсеткіштердің болмауы); 4) күзетшiге үмiткерде сотталушылығы туралы анықтаманың болуы; 5) қарулар мен оқ-дәрiлердi сақтауға арналған үй-жайлардың болуы; 6) күзет ұйымы жеке құрамының толық сауалнамалық деректерi бар тiзiмiнiң болуы. 24. Жеке тұлғаларға арналған бiліктілік талаптары мыналарды қамтиды: 1) күзетшiлер ретіндегі жұмыс үшiн даярлықтан өткендiгін растайтын құжаттардың не құқық қорғау органдарында кемiнде үш жыл жұмыс өтілі болуы; 2) өтiнiш берушiнiң денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметiмен айналысуға жарамдылығы (көзiнiң нашар көруiне, психикалық ауруына, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қаруды меңгеруiне қарсы көрсеткiштердiң болмауы) туралы қорытындымен бірге медициналық анықтаманың болуы; 3) сотталушылығы туралы анықтаманың болуы; 4) күзет субъектісi қызметкерiне үмiткердiң тұрған жерiнен анықтамасының болуы. 4. Есепке алу және бақылау 25. Осы Тәртiптiң негізiнде заңды және жеке тұлғаларға берiлген лицензиялардың бірыңғай есебiн жүргiзу үшiн уәкiлетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасында дайындалған қатаң есеп құжаттары болып табылатын белгiленген үлгiдегi лицензиялардың нөмiрленген бланкiлерiн бередi. Лицензиялық бланкiлердi беру арнаулы журналда есептеледi. 26. Әрбір берiлген лицензия бойынша лицензиар байқау iсiн жүргізедi, онда өтінiшпен бірге ұсынылған барлық құжаттар сақталады. Iс лицензияны берген уәкiлеттi органда сақталады. 27. Осы Тәртiпке сәйкес күзет субъектiлерiнiң лицензиялық ережелердi сақтауын бақылауды лицензиар жүзеге асырады. 28. Лицензияны берген лицензиар олардан өзiнiң құзыретiнiң шеңберiнде тиiстi құжаттарды тапсыруды және бақылау функцияларын орындау үшiн қажеттi жазбаша немесе ауызша ақпаратты алуды талап етуге құқылы. 29. Лицензия жоғалған уақытта лицензиар жоғалған лицензияның дубликатын бередi. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1507 қаулысымен бекітілген Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету қызметiмен айналысу құқығына лицензиялар берудiң Тәртібі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тәртiп кәсiпкерлiк қызмет ретiнде күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік лицензияларының ретiн, оны берудiң шарттары мен есепке алынуын белгiлейдi. 2. Заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметі ретiнде күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты орындауды жүзеге асыруы мiндеттi түрде лицензиялануға жатады. 3. Лицензиялардың түрлерi: 1. Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша бөлiнедi: Субъектiлер бойынша: 1) жеке тұлғаларға берiлетiн; 2) заңды тұлғаларға берiлетiн лицензиялар. 2. Қызмет ауқымы бойынша: заңды және жеке тұлғалардың күзет сигналын беру құралдарын монтаждаy, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асыруына мерзiмi шектелмей берiлетiн бас лицензиялар. 3. Қолданылуының аумақтық аясы бойынша: 1) қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына тарайтын; 2) қолданылуы Қазақстан Республикасының белгiлi бір аумағымен шектелетiн. 4. Лицензиялар беру жөніндегі уәкiлеттi орталық атқарушы орган (лицензиар) Қазақстан Республикасының IIМ болып табылады. Лицензиар заңдарға және осы Тәртiпке сәйкес өзiнiң аумақтық бөлiмшелерiне күзет қызметiн лицензиялау жөнiнде өкiлеттiктер берудiң тәртібін айқындайды. 2. Лицензия берудiң шарттары мен тәртібі 5. Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету қызметiмен айналысуға лицензия алуға үмiткер заңды немесе жеке тұлға лицензиарға мынадай құжаттарды табыс етуге мiндеттi: 1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш; 2) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 3) лицензиялық алымды төлегенi туралы түбіртек. 6. Заңды тұлға құрусыз қызметтiң осы түрiмен айналысатын жеке тұлғалар, лицензияны заңды тұлға үшiн белгiленген тәртiппен алады. 7. Лицензия өтiнiш берiлген күннен бастап бір ай мерзiмнен кешiктiрiлмей, шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi үшiн он күндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi. 8. Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi. 9. Лицензия беруден бас тарту: Лицензия: 1) осы Тәртiпте белгiленген біліктілік талаптарына сай келмейтiн заңды немесе жеке тұлғаларға; 2) егер өтiнiш берушiге қатысты оған кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынған сот шешiмi болса; 3) егер кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығына алым енгiзiлмесе; 4) егер 5-тармақта көрсетiлген құжаттар табыс етiлмесе берiлмейдi. 10. Лицензия беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарылады. Өтiнiш берушi ол бойынша лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiздерде қаралады. 11. Лицензия беруден негiзсiз бас тартудан немесе лицензиаттың құқықтарын бұзудан туындаған залалдарды өтеу азаматтық заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 12. Егер лицензия осы Тәртiпте белгiленген мерзiмде берiлмеген немесе бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз болып көрiнген жағдайда, ол бір ай мерзiмде бұл әрекетке сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 13. Лицензия: 1) лицензия қайтарылып алынған; 2) лицензия берiлген жеке тұлға қызметiн тоқтатқан, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда өзiнiң қолданылуын тоқтатады. 14. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия сақталады. 15. Лицензияның қолданылуының тоқтатылуымен байланысты дауларды соттар шешедi. 16. Лицензия: 1) лицензиат лицензияда жазылған талаптарды орындамаған; 2) лицензиатқа жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға сот тыйым салған; 3) лицензиар ол бойынша лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайларда сот тәртібімен керi қайтарылып алынуы мүмкiн. 17. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып лицензияның қолданылуын алты айға дейiн тоқтата тұруға құқылы. Лицензиат сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 18. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға түрткi болған себептер жойылғаннан кейiн лицензия лицензиардың қорытындысы негiзiнде қайта күшiне енедi. 3. Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия алу кезiнде заңды және жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары 19. Заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды: 1) күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия алуға үмiткер ұйым басшысының жұмыстың осы бейiнiне сәйкес келетiн жоғары білімi болуы мiндеттi; 2) радио жиілiлiктi спектрi бар күзет сигналын беру жүйелерiн монтаждау мен пайдалану кезiнде санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы болуы; 3) күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргiзушiде жоғары кернеулi жұмыстарға рұқсат етiлуi және осы мамандық бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтілі болуы. 20. Жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) өтiнiш берушiде осы жұмыстың бейiнiне сәйкес келетiн жоғары немесе орта техникалық білімiнiң болуы мiндеттi; 2) өтiнiш берушiде жоғары кернеулi жұмыстарға рұқсаты және осы мамандық бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтілі болуы. 3) радиожиілiлiктi спектрi бар күзет сигналын беру жүйелерiн монтаждау мен пайдалану кезiнде санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының қорытындылары. 4. Есепке алу және бақылау 21. Осы Тәртiптiң негiзiнде заңды және жеке тұлғаларға берiлген лицензиялардың бірыңғай есебiн жүргiзу үшiн уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасында дайындалған қатаң есеп құжаттары болып табылатын белгiленген үлгiдегi лицензиялардың нөмiрленген бланкiлерiн бередi. Лицензиялық бланкiлердi беру арнаулы журналда есептеледi. 22. Әрбір берiлген лицензия бойынша лицензиар өтiнiшпен бірге ұсынылған барлық құжаттар сақталатын байқау iсiн жүргiзедi. Iс лицензияны берген уәкiлеттi органда сақталады. 23. Осы Тәртiпке сәйкес лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады. 24. Лицензияны берген лицензиар олардан өзiнiң құзыретiнiң шеңберiнде тиiстi құжаттарды ұсынуды және бақылау функцияларын орындау үшiн қажеттi жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға құқылы. 25. Лицензия жоғалған жағдайда лицензиар лицензияның көшiрмесiн бередi. |