"Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден
Қазақстан Республикасының Үкiметі Кеден және Салық кодекстерiнiң нормаларын орындау үшін Үкiметтiң "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуiнің кейбір мәселелерi" туралы 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысын (бұдан әрі - Қаулы) бекiтті. Қаулы қабылданғанға дейiн жеке тұлғалардың тауарларды өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 мамырдағы № 741 қаулысымен бекітілген жеке тұлғалардың тауарларды өткізу шарттары және нормалармен қатар кедендiк құннан 2 пайызға тең, бірақ, 0,02-2 еуро/кг-дан кем емес әкелінетiн тауарларға арналған кеден баждарының бірыңғай ставкасы бекітілген Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткізу ережесiмен регламенттелген. Бұл ретте 15 пайыз ҚҚС-ты жеке тұлға жеке төледi. Қаулы жеке тұлғалардың республиканың кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізуiнiң белгiлi бір шарттарын бекітуді көздейдi, атап айтқанда: 1) тауарлардың мақсатқа арналуын айқындаудың өлшемдерi; 2) кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкелуге/ уақытша әкетуге рұқсат етiлетiн тауарлардың тiзбесi; 3) оңайлатылған тәртiппен әкелетiн тауарларға жиынтық кедендiк төлем; 4) жеңiлдетiлген тәртіп көзделмеген тауарлардың салмақтық және құндық нормалары; 5) тауарларды жеңiлдетiлген тәртіппен өткізуiнің шарттары мен нормалары; 6) акциздер салуға жатпайтын акцизделетiн тауарларды импорттау нормалары; 7) тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерiмен өткізудiң шарттары мен нормалары. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|