|
|
|
“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 15 маусымдағы
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 15 маусымдағы № 648 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсін: 1-тармақта: 2) тармақшада "Республика Үкіметінiң веб-порталдарын" деген сөздер "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтiң" веб-порталы мен шлюзiн, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшада: "құру" деген сөзден кейiн ", енгізу" деген сөзбен, "сүйемелдеу" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ осы мақсаттар үшiн персоналды оқыту" деген сөздермен толықтырылсын; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына" деген сөздер "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтің" ақпараттық инфрақұрылымына" деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақшада "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың" деген сөздер "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |