|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 16 шiлдедегi № 959 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң қысқа мерзiмдi болжамдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 шiлдедегi № 959 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: 4-тармақ алынып тасталсын; көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерi" деген кестеде: 3-бағанның тақырыбында "Ағымдағы жылдың есептi тоқсаны" деген сөздер "Есептi тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-бағанның тақырыбында "Алдағы екі тоқсанға" деген сөздер "Ағымдағы жылдың алдағы екі тоқсанына" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-баған алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"12 Мемлекеттік бюджет
реттiк нөмiрлерi 13, 14-жолдар алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |