|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" функционалдық тобында: 1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" кiшi функциясында: 102 "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 003 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: "003 Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы объектілерін салу және қайта жаңарту"; 690 "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 003 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: "003 Инженерлiк-техникалық орталық құру"; 3 "Сыртқы саяси қызмет" кiшi функциясында: 204 "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша: 002 "Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу" бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 104 кiшi бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: "104 Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңесте Қазақстан Республикасы Өкiлеттi өкiлiнiң аппаратын, ұстау"; 003 бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын: "003 Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау"; мынадай мазмұндағы 010 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: "010 Қазақстан Республикасының шетелдiк мемлекеттерге заңсыз әкелiнген және сауда-саттық құрбандары болған, сондай-ақ шет елдерде басқа қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлық жағдайларда қалған азаматтарына қаржылық көмек көрсету"; 02 "Қорғаныс" функционалдық тобында: 2 "Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" кiшi функциясында: 202 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: "005 Алматы қаласының бюджетіне көшкiнге қарсы және селге қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге берілетін нысаналы даму трансферттерi"; 373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Құрылыс департаментi (басқармасы)" бюджеттік бағдарламалар әкiмшісi бойынша 003 "Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар объектілерiн дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 011 және 015 кiшi бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын: "011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер есебiнен iске асыру 015 Бағдарламаны жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асыру"; 03 "Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi" функционалдық тобында: 9 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк саласындағы басқа да қызметтер" кiшi функциясында: 221 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 010 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: "010 Халыққа "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететін орталықтардың қызметiн қамтамасыз ету"; 04 "Бiлім беру" функционалдық тобында: 4 "Орта кәсiби білім беру" кiшi функциясында: 225 "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 016 және 030 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын: "016 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде кәсіптік орта оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиялары мөлшерiн ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 030 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізiнде кәсіптік орта оқу орындарында оқып жатқандар үшiн жол жүруге өтемақы төлеуге берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер"; 226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 013 және 021 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын: "013 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізiнде кәсiптiк орта оқу орындарында оқитын студенттердiң стипендиялары мөлшерiн ұлғайтуға берiлетін ағымдағы нысаналы трансферттер 021 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергілiкті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізiнде кәсiптiк орта оқу орындарында оқып жатқандар үшiн жол жүруге өтемақы төлеуге берілетiн ағындағы нысаналы трансферттер"; 6 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiн кәсiби білім беру" кiшi функциясында: 225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкiмшісi бойынша: 020 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсіптiк білімдi мамандар даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 113 кiшi бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: "113 Кәсіптік жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқандар арасынан жастардың жол жүруiне өтемақы төлеу"; мынадай мазмұндағы 100 және 101 кiшi бюджеттік бағдарламалары бар 032 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: "032 Білім берудi және ғылымды институционалдық дамыту 100 Бiлім беру және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әкiмшілендiрудi ұйымдастыру 101 Екiншi деңгейдегi банктерде студенттік кредиттерге кепiлдiк беру жүйесiн ұйымдастыру"; 226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкiмшісi бойынша 003 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандар даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 108 кіші бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: "108 Кәсiптiк жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқандар арасынан жастардың жол жүруiне өтемақы төлеу"; 06 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру" функционалдық тобында: 1 "Әлеуметтік қамсыздандыру" кiшi функциясында: 213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 019 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: "019 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттік әлеуметтiк қамсыздандыру объектілерiн салуға және қайта жаңартуға берілетiн нысаналы даму трансферттерi"; 011 және 015 кiшi бюджеттік бағдарламаларымен 020 бюджеттік бағдарламасы бар мынадай мазмұндағы 266 бюджеттік бағдарламалар әкiмшісiмен толықтырылсын: "266 Облыстың сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментi (басқармасы) 020 Әлеуметтiк қамсыздандыру объектілерiн дамыту 011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер есебiнен iске асыру 015 Бағдарламаны жергіліктi бюджет қаражаты есебiнен iске асыру"; 011 және 015 кiшi бюджеттік бағдарламаларымен 010 бюджеттік бағдарламасы бар мынадай мазмұндағы 373 бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiмен толықтырылсын: "373 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Құрылыс департаментi (басқармасы) 010 Әлеуметтiк қамсыздандыру объектілерiн дамыту 011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер есебiнен iске асыру 015 Бағдарламаны жергіліктi бюджет қаражаты есебiнен iске асыру"; 2 "Әлеуметтік көмек" кiшi функциясында: 213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 020 және 021 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын: "020 Арал және Қазалы аудандарының халқына атаулы әлеуметтiк мемлекеттік көмек көрсетуге Қызылорда облыстық бюджетіне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер; 021 Шалқар ауданының халқына атаулы әлеуметтiк мемлекеттік көмек көрсетуге Ақтөбе облыстық бюджетіне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер"; 256 "Облыстың жұмыспен қамтылу мен әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестіру департаменті (басқармасы)" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 013 және 014 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын: "013 Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарының бюджеттерiне берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер 014 Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге Ақтөбе облысы Шалқар ауданының бюджетіне берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер"; 9 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында: 020 "Әлеуметтiк қамтамасыз ету объектілерін дамыту" бюджеттік бағдарламасы бар 266 "Облыстың сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментi (басқармасы)" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi алынып тасталсын; 010 "Әлеуметтiк қамтамасыз ету объектілерiн дамыту" бюджеттік бағдарламасы бар 373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Құрылыс департаменті (басқармасы)" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi алынып тасталсын; 08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобында: 2 "Спорт" кiшi функциясында: 373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Құрылыс департаментi (басқармасы)" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша 015 "Дене шынықтыру және спорт объектілерiн дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 011 және 015 кiшi бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын: "011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен берiлетін ресми трансферттер есебiнен iске асыру 015 Бағдарламаны жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асыру"; 09 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында: 9 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында: 231 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 007 және 016 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын: "007 Курчатов қаласында "Ядролық технологиялар паркi" технопаркiн құру 016 "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту"; 10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында: 1 "Ауыл шаруашылығы" кiшi функциясында: 212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша 043 "Ауыл шаруашылығын институционалдық дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 106 кiшi бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: "106 Ауылда ақпараттық инфрақұрылымды енгізу және дамыту"; 12 "Көлiк және коммуникациялар" функционалдық тобында: 5 "Темір жол көлi" кiшi функциясында: 215 "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша 009 және 013 бюджеттік бағдарламалар мынадай редакцияда жазылсын: "009 Әлеуметтiк маңызы бар облыс аралық бағыттар бойынша темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялау 013 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық) және iшкi бағыттардағы темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер"; 13 "Басқалар" функционалдық тобында: 9 "Басқалар" кiшi функциясында: 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі" бюджеттік бағдарламалар әкiмшісi бойынша мынадай мазмұндағы 009 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: "009 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттік қызметшілердiң, мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерінің жалақыларын ұлғайтуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер"; 257 "Облыстың қаржы департаментi (басқармасы)" бюджеттік бағдарламалар әкiмшісi бойынша мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: "015 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне мемлекеттік қызметшiлердiң, мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң жалақыларын ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер". 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |