|
|
|
“Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда қазақстандық
ҚР Үкіметінің 2007.31.05. № 442 Қаулысымен күші жойылды
Заңнаманы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда қазақстандық қатысуды ұлғайту бөлiгiнде жетiлдiру жөніндегі шараларды iске асыру мақсатында: 1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қажыкен - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Әбдиева - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Ғайнуллиев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Несонова - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Сұрағанов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Төлеуов - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Жанбекова - Қазақстан Республикасы Қаржы
Исмаилова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Қуанышбаев - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Саттаров - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Тұмышев - "Қазақстан келісім-шарт агенттігi"
Төлешев - "Қазақстан келісім-шарт агенттiгi"
Оспанов - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Мұхамбетәлиев - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
2. Жұмыс тобы 2005 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мыналар бойынша ұсыныстар енгізсiн: 1) Өнiмдi бөлу туралы келісімге және Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға қазақстандық қатысуға қатысты бөлiмдердi енгізу бойынша; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi жыл сайын сатып алу, сондай-ақ сатып алуға арналған бюджеттер бөлiгiнде жұмыс бағдарламаларын келiсу туралы; 3) қолданыстағы заңнамаға Өнiмдi бөлу туралы келісімдер бойынша жұмыс iстейтiн жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде қазақстандық қатысуды ұлғайту мақсатында тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуға арналған келісім-шарттарды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бағалық сараптама мәнiне мiндетті түрде келiсуiне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша; 4) Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi шеңберiнде оларға қатысты преференциялық режим сақталуы қажет тауарлардың шектеулi түрлерiн және өтпелi кезеңнiң мерзiмiн айқындау бойынша. 3. Жұмыс тобына белгiленген тәртiппен орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын жұмыс тобының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тарту, сондай-ақ қажеттi ақпарат сұрату құқығы берілсiн. 4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi И.М. Кравченкоға жүктелсiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |