“Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы
органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру
жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу үшiн жұмыс тобын құру туралы”
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 18 шілдедегі
№ 199-ө Өкімі
(2006.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 135-ө Өкімімен күші жойылды
Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында:
ҚР Премьер-Министрінің 2006.22.06. № 171-ө Өкімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице- министрі, жетекшi |
Әбдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, жетекшінің орынбасары |
Рахымбекова Алина Болатқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті мемлекеттік органдардың қызметін қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, хатшы |
Пепенин Анатолий Сергеевич | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Кеңсесі Кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісi |
Антропов Петр Константинович | - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі Кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
Тұмабекова Кәмилаш Әбдікәрімқызы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Кеңсесі Экономика бөлімінің бас сарапшысы |
Күзембаев Тілеуғали Отарұлы | - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетi төрағасының бірінші орынбасары |
Нұрғалиева Шолпан Кеңесбайқызы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржыны ішкi әкімшілендіру департаментi директорының орынбасары |
Қайсенова Гүлжихан Қабділқайырқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаментi директорының орынбасары |
Нұрмаханбетова Нағима Жақсыбекқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қаржы департаментi директорының орынбасары |
Шәженова Әлия Мэлсқызы | - «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы Мемлекеттік саясатты талдау департаментінің консультанты |
Асанғазиев Рахымжан Мувашарханұлы | - «Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын әзірлеуге жәрдемдесу» Еуропалық комиссиясы жобасының консультанты.». |
2. Жұмыс тобы 2006 жылғы 1 тамызға дейiнгi мерзiмде мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |