|
|
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды қамтамасыз етудiң кейбір мәселелерi туралы (2014.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. ҚР Үкіметінің 2014.16.04. № 356 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Инженерлiк-техникалық құрылыстар мен қоршауларды, шекара белгiлерiн, шекарадағы орман жолдарын, коммуникацияларды және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiн жайғастыру мен күтiп-ұстау үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне тұрақты жер пайдалануға: 1) Қытай Халық Республикасымен шекарада - бұрын бөлiнiп берiлген жерлер, шекара белдеуіндегі де, оның шегiнен тысқары жерлеріндегі де енi 30-50 метр жер телiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы бойындағы бес метрлiк белдеу; ҚР Үкіметінің 2009.09.12. № 2056 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Түркiменстанмен шекарада - Мемлекеттік шекара сызығына тiкелей жанасатын, енi 30-дан 100 метрге дейiнгi жер телiмдерi берiлсiн. Мемлекеттік шекара сызығы маусымдық (тасқындық) өзгерістерге түсетін өзеннің су ағысы бойымен өтетін жағдайда Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Түрікменстанмен шекараларда Мемлекеттік шекара сызығына тікелей түйісетін жер учаскелеріне қосымша - ені 30-дан 50 метрге дейін түпкі жағаға (өзен алабына түйісетін және оның үстінен көтерілетін өзенаралық су айырық кеңістігінің бір бөлігі) жапсарлас жатқан жер телімдері. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы сызығына тiкелей жанасатын жер телiмдерiн тұрақты жер пайдалану құқығында алғаны үшiн ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджетке өтеуден босатылсын. 4. ҚР Үкіметінің 2014.16.04. № 356 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |