Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 791 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 133 Қаулысымен күші жойылды
Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркiн қойма» кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркiн қойма» кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тiзбесi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 22, 23, 24, 25, 26, 27-жолдармен толықтырылсын:
Р/с № | Атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды | Экономи- калық қызмет түрлерi бойынша өнiм жiктеуiші- нiң коды |
1 | 2 | 3 | 4 |
«22. | Бейне жазғыш немесе бейне көрсеткiш, бейнетюнермен бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген аппаратура | 8521101000 8521900000 | 32.30.31 |
23. | Радиотелефон, радиотелеграф байланысына немесе радиохабарларын таратуға арналған бiр корпусқа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген қабылдау аппаратурасы | 8527311100 8527190000 8527319100 | 32.30.44 |
24. | Электр ойнатқыш қондырғылар грампластинка ойнатқыштар, кассеталық плеерлер және дыбыс жазушы қондырғылары жоқ басқа дыбыс шығарушы аппаратура | 8519999000 | 32.30.31 |
25. | Магнитофондар және дыбыс шығарушы қондырғыларды қамтитын немесе қамтымайтын өзге де дыбыс жазушы аппаратура | 8520200000 8520339000 | 32.30.32 |
26. | Теледидар байланысына арналған, радиохабарларын тарату қабылдағышымен немесе дыбыс немесе бейне жазушы немесе шығарушы аппаратурамен бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген қабылдағыш аппаратура; бейнемониторлар және бейнепроекторлар | 8528 852812 8528121000 8528122000 8528125800 8528125600 8528126203 8528125200 8528125400 8528126202 8528126209 8528126600 8528130000 | 32.30.20 |
27. | Сығу қондырғысымен жабдықталған машиналарды қоса алғанда, кiр жуғыш, тұрмыстық немесе кiр жуатын бөлмелерге арналған машиналар | 845011 8450111100 8450111900 8450119000 8450120000 8450190000 8450200000 8450900000». | 29.71.13 |
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |