|
|
|
«Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым орталықтары бас
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Республиканың ғылыми-техникалық прогресi, технологиялық дамуы үшiн ұлттық ғылым орталықтары қызметiнiң зор маңызы бар екенiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Ұлттық ғылым орталығы Бас директорының лауазымдық жалақысы Қазақстан Республикасы Министрінің орынбасары деңгейiнде белгiленсiн. Ғылым орталығы Ғылыми жетекшiсiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерi орталықтың Бас директорының лауазымдық жалақысына теңестiрiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрiне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келiсуi бойынша Ұлттық ғылым орталықтарының бас директорлары мен ғылыми жетекшiлерiне лауазымды жалақысының 50 процентiне дейiнгi мөлшерде үстемақы белгiлеу құқығы берiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |