|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкілеттік берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесінде: реттiк нөмірi 3-жолдың 3-бағанында «қауiптi жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу;» деген сөздер «темір жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу; қауіптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу;» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмiрi 4-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
реттiк нөмiрi 5-жолдың 3-бағанының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «минералды шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда)»; реттiк нөмiрi 6-жолдың 3-бағанының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, магистральды газ-мұнай құбырларын, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау (құрылысқа арналған жобалау жұмыстары). Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi;»; реттiк нөмiрi 10-жолдың 3-бағанының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызмет: жол қозғалысын техникалық реттеу құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу, пайдалану;»; реттiк нөмiрi 11-жолдың 3-бағанының бiрiншi абзацы алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 14-жолдың 3-бағанының бiрiншi абзацында «түгендеу,» деген сөз алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 16-жолдың 3-бағанының екiншi абзацы алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 17-2-жолдың 3-бағанында «нотариустардың қызметi» деген сөздер «нотариаттық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 26-жолдың 3-бағанда: бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Ветеринария саласындағы қызмет, Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтен басқа: ветеринарлық мақсаттағы препараттарды өндiру және сату; ветеринарлық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды сату; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргiзу; ветеринарлық емдеу-алдын алу қызметi»; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу»; реттiк нөмiрi 27-жол алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 27-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі»; 3-бағанның екiншi абзацында «және сату» деген сөздер алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 35-жолдың 3-бағанының екiншi абзацы алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 37-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
реттік нөмiрi 44-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен-техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергия қадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмiнде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласындағы органдардың қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»; «I. Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»; 10 және 18-тармақтар алынып тасталсын; «II. Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау және пайдалану. Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтеді.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда).»; «III. Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi органдарының қорытындысы қажет, лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау және пайдалану. Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда).»; «IV. Мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi». 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |