|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлiмдегi реттiк нөмiрлерi 230, 236-2, 236-5, 236-7, 236-10, 236-11, 236-15, 237-1, 237-1a 237-17-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөлiмдермен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiне 283 АЛА - 002060 «Иналмасалтын» ААҚ 284 КО - 002456 «Қазмырыш» АҚ 285 «Қазақжарылысөнеркәсібі» ЖАҚ 286 «Қазқараметавтоматика» АҚ 287 «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы (Kazakhstan Engineering)»ААҚ 288 «Авиаөнеркәсiп» ЖАҚ 289 «Қазақстандық келісім-шарт агенттiгi» АҚ 290 «Қазақстантрактор» ААҚ 291 «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Инвестиция комитетiне 292 «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» ЖАҚ»; 3) ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 330-құжат), 1-тармақтың 3) тармақшасын және 3-тармақты қоспағанда; 2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 41, 414-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2005 жылғы 24 тамыздағы № 871 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Акционерлік қоғамдар
1. «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» жабық акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |