|
|
|
«Дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика
Осы редакция 2005 ж. 23 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Осы нұсқаулықта қолданылған негізгi ұғымдар мен қысқартулар Дәрiлiк заттар (емдiк препараттар) - ерекше фармакологиялық белсендiлiгi бар шығу тұрғысы әр түрлi (өсiмдiк, мал, синтетикалық, минералдық, биотехнологиялық және басқа) заттар және осы заттардың сырқаттардың профилактикасына, диагностикасы мен оларды емдеу үшiн қолданылатын емдiк нысандары. Дәрiлiк заттарға адамның тәнi iшiнде немесе адамның тәнiнде уақытша немесе ұзақ уақыт бойы болуға арналған дәрiлiк заттардың, заттар мен материалдардың құрамдас бөлiгi болып табылатын заттар, олардың емдiк нысандары, сондай-ақ сырқаттардың диагностикасы, профилактикасы, емi мақсатында қолданылатын емдiк-профилактикалық азық-түлiк өнiмдерi, тамақ қоспалары, бұйымдар, қондырғылар, аспаптар теңестiрiледi ("Дәрiлiк заттар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 қарашадағы № 2655 Жарлығы). Дәрiхана ұйымдары - дәрiханалар, дәрiхана қоймалары, дәрiхана пункттерi, дәрiхана киоскiлерi ("Дәрілiк заттар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 қарашадағы № 2655 Жарлығы). Фармацевтика кәсiпорындары - фармацевтика фабрикалары, зауыттар мен цехтар (дәрiлiк заттарды қайта өңдеу, орау және сақтау орындары). Дәрілiк нысан - ағзаға қолдану мен енгізуге қолайлы нысанға келтiрiлген түрлi агрегаттық жай-күйi, консистенциясы мен физикалық-химиялық қасиеттерi бар дәрiлiк, қосалқы және реттеушi заттар жиынтығы. Нормативтiк құжат - фармакопея жинақтарын, техникалық шарттарды, ерекшелендiрудi, санитарлық ережелер мен нормаларды қамтитын стандарттар, ережелер мен нормалар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |