|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн: 1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: II "Шығындар" бөлiмiнде: 01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" функционалдық тобында: 06 "Жалпы кадрлық мәселелер" iшкi функциясында: 608 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгi" әкімшісі бойынша: 001 "Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында: 001 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасындағы "53485" деген сандар "57730" деген сандармен ауыстырылсын; 002 "Аумақтық органдардың аппараты" кiшi бағдарламасындағы "168979" деген сандар "164734" деген сандармен ауыстырылсын; 2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысында: көрсетілген қаулыға 377-қосымшада: Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында: реттік нөмiрi 2-жолдағы "44 бiрлiк, 1 ксерокс және 2 факс көлемiнде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiктiң орталық аппаратын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттігiнiң саны 49 бiрлiк, оның iшiнде тәртiптiк кеңестермен жұмыс жөніндегі бөлiмдi ұстауға штат саны 5 бiрлiк орталық аппаратын, 1 ксерокс және 2 факс" деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 3-жолдағы "120 бiрлiк", "; саны 105 бiрлiк Тәртiптiк кеңес хатшылықтарының қызметiн қамтамасыз ету" деген сөздер тиiсiнше "204 бiрлiк", ", оның iшiнде штат саны 84 бiрлiк Тәртiптiк кеңес хатшылықтарының қызметiн қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |