|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 және
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: ІІ "Шығындар" бөлімінде: 13 "Басқалар" функционалдық тобында: 09 "Басқалар" ішкі функциясында: 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкімшісі бойынша: 010 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві" бағдарламасында: 100 "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві" кіші бағдарламасындағы "3375899" деген сандар "2668620" деген сандармен ауыстырылсын; 101 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві" кіші бағдарламасындағы "12383014" деген сандар "13090293" деген сандармен ауыстырылсын; 2) "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 770 қаулысында: 3-тармақтағы "821400000 (сегіз жүз жиырма бір миллион төрт жүз мың)" деген сөздер "300000000 (үш жүз миллион)" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Мыналар бөлінсін: 1) 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бюджеттің кіріс бөлігінің орындалмауына байланысты мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне жалақыны уақтылы төлеуді қамтамасыз ету үшін қаражат: Атырау облысының әкіміне - 300000000 (үш жүз миллион) теңге; Павлодар облысының әкіміне - 200000000 (екі жүз миллион) теңге; Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне - 500000000 (бес жүз миллион) теңге; 2) Павлодар облысының әкіміне 2005 жылғы 25 желтоқсанға дейін өтеу мерзімімен бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздардың тиісті түрлері бойынша кірістіліктің орта өлшемді ставкасына тең сыйақы ставкасын есептей отырып, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінің қаражатынан 200000000 (екі жүз миллион) теңге мөлшерінде бюджеттік кредит. 3. Мынадай бюджеттік кредиттер қайта құрылымдалсын: 1) "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамы, Павлодар облысының әкімі және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі арасында жасалған 2000 жылғы 18 сәуірдегі және 2000 жылғы 11 қыркүйектегі талап ету құқықтарын беру шарттары бойынша 101044506 (бір жүз бір миллион қырық төрт мың бес жүз алты) теңге мөлшеріндегі 2005 жылғы борыш сомасын 2006 жылға ауыстыру жолымен; 2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Павлодар облысының әкімі арасында жасалған 2004 жылғы 28 қаңтардағы № 3ПВЛ006с Павлодар облысының бұрын берілген бюджеттік кредиттері (несиелері) жөніндегі келісім бойынша 116108581 (бір жүз он алты миллион бір жүз сегіз мың бес жүз сексен бір) теңге мөлшеріндегі 2005 жылғы борыш сомасын 2006 жылға ауыстыру жолымен. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен Павлодар облысының әкімімен бірлесіп, осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кредит шартын және осы қаулының 3-тармағына сәйкес қосымша келісімдер жасассын; 2) бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |