|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы № 201 қаулысына
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы № 201 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспедегі "аумақтан" деген сөзден кейін ", сондай-ақ "Жібек жолы" халықаралық өткізу пунктінің ауданындағы 100 метрге дейінгі аумақтан" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақта: екінші абзацта "711904353 (жеті жүз он бір миллион тоғыз жүз төрт мың үш жүз елу үш)" деген сөздер "694944650 (алты жүз тоқсан төрт миллион тоғыз жүз қырық төрт мың алты жүз елу)" деген сөздермен ауыстырылсын; жетінші абзацта "286492285,5 (екі жүз сексен алты миллион төрт жүз тоқсан екі мың екі жүз сексен бес бүтін оннан бес)" деген сөздер "303451988,5 (үш жүз үш миллион төрт жүз елу бір мың тоғыз жүз сексен сегіз бүтін оннан бес)" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |