Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы
Осы редакция 2005 ж. 15 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы ең төмен күнкөрiс деңгейiн анықтау және пайдалану үшiн құқықтық негiз белгiлейдi.
1-бап. Ең төмен күнкөрiс деңгейi 1. Ең төмен күнкөрiс деңгейi - мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс. 2. Ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң мөлшерiн статистика жөніндегі уәкiлеттi орган мен еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган ең қажеттi азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгiленген үлесi қосылған ең төмен азық-түлiк себетiнiң құнын негiзге ала отырып есептеп шығарады. 3. Ең төмен күнкөрiс деңгейi республика бойынша және аймақ бойынша орта есеппен: 1) жан басына; 2) халықтың жыныстық-жас топтары бойынша тоқсан сайын есептеп шығарылады. 1. Ең төмен тұтыну себетi тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң заттай және құн түріндегі ең төмен жиынтығы болып табылады. 1) азық-түлiк себетiнен; 2) азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығындардан тұрады. 3. Азық-түлiк себетiн статистика жөніндегі уәкiлеттi орган денсаулық сақтау жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлейтiн тамақ өнiмдерiн тұтынудың ғылыми негiзделген физиологиялық нормалары бойынша есептеп шығарады. 4. Азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгiленген үлесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі ең төмен азық-түлiк себетiнiң құнына арақатынасы арқылы белгiлеп отырады. 3-бап. Ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң белгiленуi Ең төмен күнкөрiс деңгейi жыл сайын: 1) тұрмыс деңгейiн бағалау мен кедейлiк шегiн анықтауға; 2) әлеуметтiк саясаттың бағыттарын анықтау мен халықты әлеуметтiк қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға; 3) жалақының, зейнетақының, жәрдемақылардың және өзге де әлеуметтiк төлемдердiң белгiленетiн ең төмен мөлшерiн негiздеуге арналады. 1. Кедейлiк шегi - республикада экономикалық мүмкiндiктерге қарай белгiленетiн, адамның ең төмен қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн қажеттi кiрiс шегi. 2. Кедейлiк шегi республика бойынша, сондай-ақ аймақтар деңгейiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен тоқсан сайын анықталып отырады. 3. Кедейлiк шегi табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшiн өлшем болып табылады. 5-бап. Айлық жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерiн белгiлеген кезде ең төмен күнкөрiс деңгейiн қолдану Айлық жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерi оларды ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң көлеміне дейiн кезең-кезеңмен көтеру принципiне сүйене отырып, ең төмен күнкөрiс деңгейi негiзiнде жыл сайын заң актiсiмен бекітілiп отырады. 6-бап. Ең төмен күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегі туралы мәліметтерді жариялау Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы және халықтың негізгі жыныстық-жас топтары, кедейлік шегі және халықтың осы шектен төмен тұратын жігі жөніндегі күнкөріс деңгейі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті орган ресми жариялап отыруға тиіс. 7-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының
|