|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1660 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 47, 559-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкасындағы 1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "1. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін құру мен олардың қызметін тоқтатуды мемлекеттік (есептік) тіркеу (соның ішінде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), қайта тіркеу кезінде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкалары: 1) заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкілдіктерінен осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында, сондай-ақ 2 және 3-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, 7600 теңгені құрайды; 2) шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкілдіктерінен 2280 теңгені құрайды; 3) саяси партиялардан, олардың филиалдары мен өкілдіктерінен 15960 теңгені құрайды. 2. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жай (пәтер) иелері кооперативтерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкалары: 1) құруды мемлекеттік (есептік) тіркеу кезінде - алым төленген күнге қолданылатын бір айлық есептік көрсеткішті; 2) мемлекеттік қайта тіркеу (есептік) кезінде - осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген тиісті ставканың елу пайызын; 3) қызметі тоқтатылған кезде (соның ішінде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) - алым төленген күнге қолданылатын бір айлық есептік көрсеткішті құрайды. 3. Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктер филиалдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкалары: 1) құруды мемлекеттік (есептік) тіркеу кезінде - алым төленген күнге қолданылатын екі айлық есептік көрсеткішті; 2) мемлекеттік қайта тіркеу - (есептік) кезінде - осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген тиісті ставканың елу пайызын; 3) қызметі тоқтатылған кезде (соның ішінде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) - алым төленген күнге қолданылатын бір айлық есептік көрсеткішті құрайды. 4. Заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын берген кезде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкасы 50 теңгені құрайды.". 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |