Зияткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі
Осы редакция 2006 ж. 13 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2001 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімнiң (бұдан әрi - Келісім) 4-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ зияткерлiк меншiктi қорғау саласында келісілген нысандарды әзiрлеу және өзара iс-қимыл әдiстерiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 06.09.04 ж. № 936 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Келісімдi орындауға жауапты мемлекеттік органдардың тiзбесi мынадай болып белгiленсiн: Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі; Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі; Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi; Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы); Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша). 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Келісімдi орындауға жауапты мемлекеттік органдардың белгiленуi туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiне хабарласын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|