«Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
Осы редакция 2006 ж. 15 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Ережеге қосымшада: "Қауiптiлігі жоғары және(немесе) мемлекеттік маңызы бар объектілермен байланысты қызметті лицензиялау үшiн лицензиялық алымның ставкалары" туралы 3-тармақта: 27) тармақшадағы "жарылу-, өрт қауiпi бар және тау-кен өндiрiстерiн" деген сөздерден кейiн "электр станцияларының, электр желiлерi мен кiшi станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды" деген сөздермен толықтырылсын; 28) тармақшадағы "дайындау" деген сөздiң алдынан "жобалау" деген сөзбен толықтырылсын, "кен-шахта" деген сөздерден кейiн "металлургия, энергетика" деген сөздермен толықтырылсын; 29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "29) электр энергиясын қайта сату мақсатындағы сатып алу"; 45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "45) өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу". 2) "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат). аталған қаулыға 1-қосымшада: реттік нөмiрi 2-жолда: 2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінiң жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi" деген сөздер Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Аэроғарыш комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-бағандағы "байланыстың геостационарлық спутииктерi орбиталарын пайдалану" деген сөздер алынып тасталсын; реттiк саны 4-жолда: 2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгінiң жанындағы Атом энергиясы жөніндегi агенттiк" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Атом энергетикасы жөнiндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру, жобалау, құру, пайдалануға енгізу, пайдалану, консервациялау және пайдаланудан шығару; радиоактивтiк қалдықтармен жұмыс iстеу; ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау; ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi бақылау жөніндегі қызмет көрсетулер; радиоэкологиялық зерттеулер мен радиациялық оңалту жөнiндегі жұмыстарды жүргізу; ядролық жарылыстар өткiзiлген жерлердегi қызметтiң барлық түрi; ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау (транзиттік тасымалдауды қоса алғанда); атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет үшiн қызметкерлердi, мамандарды даярлау және аттестациялау; арнайы қорғану құралдарын қолдану қажеттiгiнсiз оларды пайдалану үшiн жол берiлетін нормадан асатын мөлшерде радиоактивтi заттар бар өнiмдердi дайындау және сату; радиоактивтi заттар мен изотоптар пайдалана отырып рентген жабдығын, аспаптарды және жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және сату". реттiк саны 5-жолда: 2-бағанындағы "Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-баған "электр энергиясын қайта сату мақсатындағы сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын; реттiк саны 7-жолда: 3-бағанда: бiрiншi абзацтағы "жарылу-өртену қаупі бар тау-кен өндiрiстерiн" деген сөздерден кейiн "электр станцияларын, электр желiлерi мен кiшi станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды " деген сөздермен толықтырылсын; екiншi абзацтағы "дайындау" деген сөздiң алдынан "жобалау" деген сөзбен толықтырылсын, "тау-кен-шахталық" деген сөздерден кейiн "металлургиялық, энергетикалық" деген сөздермен толықтырылсын; үшiншi абзац алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 8-жолда: 2-бағанындағы "Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк саны 14-жолда: 2-бағанындағы "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi комитеті деген сөздермен ауыстырылсын; 3-бағандағы "сату және прокатқа беру" деген сөздер алынып тасталсын. көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада І тарауда: 19-тармақтағы "тау-кен шахта" деген сөздерден кейiн "металлургия, энергетика" деген сөздермен толықтырылсын; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "22. Өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу"; IІ тарауда: 7-тармақтағы "жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн" деген сөздерден кейiн "электр станцияларын, электр желiлерi мен кiшi станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды" деген сөздермен толықтырылсын; 15-тармақ алынып тасталсын; 18-тармақтағы "сақтау" деген сөздiң алдынан "жинау (дайындау)" деген сөздермен толықтырылсын; III тарауда: 3-тармақтағы "тау-кен-шахталық құралдарды" деген сөздерден кейiн "металлургиялық, энергетикалық" деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақ алынып тасталсын; 3) "Өнеркәсiп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 189-құжат). көрсетiлген қаулымен бекітiлген Өнеркәсiп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарында: үшiншi абзацтағы "жарылыс-өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiсiн" деген сөздерден кейiн "электр станцияларын, электр желiлерi мен кiшi станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды" деген сөздермен толықтырылсын; төртiншi абзацтағы "дайындау" деген сөздiң алдынан "жобалау" деген сөзбен толықтырылсын; "тау-кен шахталық" деген сөздерден кейiн "металлургиялық, энергетикалық" деген сөздермен толықтырылсын; бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу". "Жер қойнауын пайдалану кезіндегі маркшейдерлiк жұмыстарды жүргiзудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қойылатын біліктiлiк талаптары" тарауы мынадай редакцияда жазылсын: "Электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қойылатын біліктiлiк талаптары. Біліктiлiк талаптары: 1) электр энергиясын тұтынушыларға, оның iшiнде аймақтан тысқары жерлерге де берудiң техникалық мүмкiндігінің; 2) тиiсті білім деңгейiне жауап беретiн басшылары мен мамандарының біліктiлiк құрамының және аймақтық диспетчерлiк орталықпен жедел келiссөздер жүргiзу құқығы бар тәулiк бойғы жедел-диспетчерлiк қызмет үшiн оқытылған және аттестацияланған қызметшiлердiң; 3) коммерциялық есеп жүргiзудi және көрсеткiштердi интеграцияланған жинауды қамтамасыз ететiн қызметтің, сондай-ақ жедел-диспетчерлiк қызметтің немесе қандай да бiр болмасын құқықтық күшi бар диспетчерлiк орталықпен диспетчерлiк қызмет көрсету жөніндегі шарттардың (ой-ниет хаттамасының); 4) 10 000 ең төмен есептi көрсеткiштен кем емес мөлшерде айналымдық қаражатының; 5) өтінiш берушi мен энергия өндiрушiнiң, сондай-ақ энергия берушi ұйымдардың арасындағы авария жағдайына арналған резервтiк алмастыру шартымен электр энергиясын тұтынушыға беру және тасымалдауға арналған шарттардың немесе ой-ниет хаттамаларының болуын қамтиды". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |