|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 17, 177-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбындағы және 1-тармақтағы «табиғи монополия» деген сөздер «табиғи монополиялар» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесінде: тақырыбындағы, 2, 3-тармақтардағы және 4-тармақтың 2) тармақшасындағы «табиғи монополия субъектілерінің», «табиғи монополия субъектілері» деген сөздер тиісінше «табиғи монополиялар субъектілерінің», «табиғи монополиялар субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын; «10» деген сандар «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын; «ресми бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «мерзімді баспасөз басылымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшада: «он бес» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын; «түпкілікті» деген сөз алынып тасталсын; 2) тармақшада: «жеті» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын; «түпкілікті» деген сөз алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын: «8-2. Табиғи монополия субъектісі жария тыңдауларды өткізу күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша: реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтік сметалардың, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын; экономикалық жағынан негізделген есептемелері бар реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін арттыру себептері туралы ақпаратты ұсынады.»; 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |