Осы редакция 2006 ж. 6 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң (бұдан әрi - Министрлiк) құзыретi шегiнде білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған саладағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің негiзгі мiндеттерi білім беру, ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру болып табылады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi, Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитетке заңнамаға сәйкес өкiлеттілік берiлген болса онда оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар. 4. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. 5. Комитеттің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 24. 6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi" мемлекеттік мекемесi. 7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 8. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуiне тиым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
9. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функцияларды: ғылыми ұйымдарды және жоғары оқу орындарын лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеу саласындағы ұйымдардың қызметiн талдауды және мониторингiн; меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарында диссертациялық кеңестер құрау, кеңестерге диссертацияларды қорғауға қабылдау құқығын беретiн мамандықтарды және ғылым салаларының тiзбесiн бекiтудi; ғылыми дәрежелер беру және ғылыми атақтар беру туралы аттестаттау iстерiн қарайды және бiрыңғай талаптарға сәйкес олар жөнiнде шешiмдер қабылдауды, мемлекет атынан ғылым кандидаты және докторы дипломдарын және профессорлар мен доценттер аттестаттарын ресiмдеудi және берудi; мемлекеттік бюджет есебiнен жүргізiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарын, iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларын, қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тiркеудi ұйымдастыруды; өз құзыретi шегінде білім беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия берудi; 2) мемлекеттік саясаттың iске асырылуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ететiн функциялар: тиісті құжаттарды бере отырып, шетелдiк білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тануды және нострификациялауды; ғылыми және педагог кадрларды аттестаттауды жүргiзудi; жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарын аккредиттеудi жүргізудi; отандық ғылым мен техниканың бәсекелі деңгейiн қолдау мақсатында ғылыми ұйымдарды аттестаттауды және мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеуді жүргiзудi; бiрыңғай ұлттық тестiлеудi ұйымдастыруды және өткiзудi; заңды тұлғалардың берiлген лицензияларда қойылған талаптарды сақтауын тексеруді; жоғары кәсiптiк білім және жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк білім беретiн білiм беру ұйымдарын, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және орта кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарын аттестаттауды; білім беру және ғылым саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, білім берудiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарының орындалуын мемлекеттік бақылауды; білім беру ұйымдарында аралық мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруды және жүргізудi; білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыруды және жүргiзудi жүзеге асырады. 10. Комитеттiң белгiленген қызмет аясындағы өкiлеттілігін iске асыру мақсатында белгіленген тәртiппен мыналарға құқығы бар: 1) қызметтік зерттеулер, сынақтар, сараптамалар, талдаулар мен бағалаулар, сондай-ақ белгiленген қызмет аясында бақылауды, бағалауды және қадағалауды жүзеге асыру мәселелерi бойынша ғылыми зерттеулер жүргізудi ұйымдастыруға; 2) Комитетке жүктелген функциялар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға; 3) заңды және жеке тұлғаларға Комитет құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге; 4) Комитеттiң белгіленген қызмет аясына жатқызылған мәселелердi пысықтау үшін ғылыми және өзге де ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды белгiленген тәртiппен тартуға; 5) белгiленген қызмет аясында Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылу фактiлерiнiң жолын кесуге, сондай-ақ заңды тұлғалар мен азаматтардың белгіленген қызмет аясындағы мiндеттi талаптарды бұзуына жол бермеу және (немесе) олардың салдарларын жоюға бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шектеу, ескерту және алдын алу сипатындағы шаралар қабылдауға; 6) белгіленген қызмет аясында шетелдiк мемлекеттердiң мемлекеттік билік органдарымен және халықаралық ұйымдармен белгiленген тәртiппен өзара іс-қимыл жасауға; 7) белгiленген қызмет аясында консультативтiк-кеңес және сараптамалық органдар (төралқалар, кеңестер, комиссиялар, топтар, алқалар) құруға; 8) баспа қызметiн жүзеге асыруға.
11. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген, құны мемлекеттік органның теңгерiмiнде көрсетiлетiн мүлiк есебiнен қалыптастырылады. 12. Комитетке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 13. Комитеттiң өзiне бекітілген мүлiктi өзбетiнше иелiктен алуға немесе оған өзгедей әдiспен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берілуi мүмкiн.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
14. Комитеттi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ұсынысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Төрағаның оның ұсынысымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейдi. 15. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап бередi. 16. Комитет төрағасы осы мақсатта: 1) өз орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн анықтайды; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің келісiмiмен Қазақстан Республикасы Үкіметі бекiткен штат санының лимитi шегiнде Комитеттiң штаттық кестесiн бекiтедi; 3) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) заңнамамен белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн көтермелейдi, сондай-ақ оларға тәртiптiк шаралар қолданады; 5) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды; 6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және заңнамамен белгiленген жағдайларда ведомстволық бағынысты ұйымдардың жарғыларын бекiтедi; 7) Комитетті қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
17. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiнiң құрылымы
Басшылық Лицензиялау және білім беру мониторингi басқармасы Лицензиялау бөлiмi Аралық бақылау бөлiмi Аттестаттау және аккредиттеу басқармасы Білім беру ұйымдарын аттестаттау бөлiмi Ғылыми мекемелердi аттестаттау және ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарын аккредиттеу бөлiмi Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау басқармасы Физика-математика, техникалық ғылымдар, жер және ғарыш туралы ғылымдар бөлiмi Медицина, химия, биология, ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары бөлiмi Гуманитарлық ғылымдар бөлiмi Жоғары білікті кадрларды дайындау және құжаттарды ресiмдеу бөлiмi Қаржы және ұйымдастыру бөлiмi (өз бетiнше) Бюджеттің орындалуын қадағалау бөлiмi (өз бетiнше)
|