|
|
|
«Темір жолда жолаушыларды, багаж бен жүк багажын тасымалдау тарифтері туралы»
ҚР Үкіметінің 2003.17.03. № 258 қаулысымен күші жойылды
ТМД елдерінің темір жол көлігінде жолаушылар тасымалдау саласындағы біртұтас тариф саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді. 1. Темір жол көлігінде жолаушылар (қала маңына қатынайтындардан басқасы), багаж бен жүк багажын тасымалдауға қолданылып жүрген тарифтерге орта көтеру коэффициенті 1,8 деп белгіленген (қосылған құн салығын ескеріп) жаңа тарифтер 1993 жылғы 5 наурыздан бастап енгізілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің жанындағы Баға комитеті Қазақстан Республикасының Көлік министрлігімен бірлесе отырып, «Ішкі және мемлекетаралық қатынастарда жолаушыларды темір жолда тасымалдау тарифтері» 10-02-16 жаңа прейскурантын бекітсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |