|
|
|
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы
ҚР Үкіметінің 1996.17.05. № 609 қаулысымен күші жойылды
«Балық» мемлекеттік акционерлік компаниясын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 14 ақпандағы № 157 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитет (Қазбалықкомитеті) аппаратының шекті саны 20 адам болып бекітілсін (үй-жайды күзететіндер және оған қызмет көрсететіндер бұған кірмейді). Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитетке Комитет төрағасының бір орынбасарын және құрамы 5 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етілсін. 2. Балық өнеркәсібі флотының теңізде жүзу қауіпсіздігі мен порттық қадағалау қазақ мемлекеттік инспекциясын, қызметтерін реттеп отыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитетке жүктелген оқу орындарын, балық питомниктерін, уылдырық шашу - балық өсіру шаруашылықтары мен балық өсіретін зауыттарды, сондай-ақ балық шаруашылығы су қоймаларындағы балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады; осы Комитет төрағасының орынбасарын тағайындау және оның алқа мүшелерін бекіту Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің құзырына жатады; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Балық шаруашылығы комитетінің өз құзыры шегінде қабылдаған шешімдерін орындау балық шаруашылығы саласының барлық шаруашылық жүргізуші органдары, кәсіпорындары мен мекемелері үшін олардың заңдық мәртебесіне және меншік нысанына қарамастан міндетті болып табылады деп белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитетті ұстауға қажетті қаржы бөлсін. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитетке 2 қызметтік жеңіл автомобиль лимиті белгіленсін. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитет туралы Ережені әзірлеп, бекітсін. 6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитеттің төрағасына министрліктер мен ведомстволардың тиісті қызметкерлері үшін белгіленген тұрмыстық-материалдық және медициналық қызмет көрсету шаралары қолданылсын. 7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы балық шаруашылығы жөніндегі комитеттің аппаратын орналастыру туралы мәселені шешсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |