|
|
|
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сауда инспекциясының мәселелерi»
ҚР Үкіметінің 1996.17.05. № 609 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сауда инспекциясы органдары жұмысының тиімділігін арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі жанынан республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сауда инспекциясы (Мемсаудаинспекция) құрылсын. Мемсаудаинспекциясы аппаратының шекті саны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі орталық аппаратының адам санын тиісінше қысқарту есебінен 14 адам болып бекітілсін. Мемсаудаинспекциясының бастығын Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті тағайындайды. 2. Мемсаудаинспекциясы тиісті әкімдерге бағынысты облыстардың және Алматы қалалық сауда инспекцияларына ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты жүзеге асыратын болып белгіленсін. Облыстардың, Алматы қалалық сауда инспекцияларының бастықтарын тиісті әкімдер тағайындайды. 3. Республикалық, облыстық, қалалық сауда инспекцияларына "Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі талаптардың, сауда ережелері мен тәртібінің, баға тәртібінің сақталуын, Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыратын ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің сауда жүйесіне сапасыз бұйымдар түсіруіне жол бермеуін бақылау жүктелсін. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі екі ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Мемсаудаинспекциясы Ережесінің жобасын әзірлеп, белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетіне бекітуге енгізсін.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |