|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
Осы редакция 2006 ж. 29 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу саласын реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 427-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібінде: бірінші абзацта: "тіркеуші органға" деген сөздер "Әділет министрлігіне және оның аумақтық органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын; "бір данада" деген сөздер "екі данада" деген сөздермен ауыстырылсын, "және электронды" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлерін бекітуді көздемейтін нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарына олар бекітілген (оларға қол қойылған) сәттен бастап екі аптаның ішінде, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтінін) қоса алғанда, қағаз жеткізілімдердегі екі данада тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойғаннан (бекіткеннен) кейін ұсынылады."; 1) тармақшада "ұсыныс дайындау туралы мәліметтер;" деген сөздерден кейін "мемлекеттік тіркеуден бас тартылған, бұл мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер;" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшада: екінші абзацта "виза" деген сөз "қол" деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Көрсетілген адамдар болмаған кезде анықтама-негіздемеге осы актіні шығарған органның бірінші басшысы қол қояды."; 6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Мемлекеттік тіркеудің қажеттілігі туралы мәселені шешу үшін сол немесе өзге актіні ұсыну туралы Әділет министрлігінің және оның аумақтық органдарының сұрауларын мемлекеттік органдар мұндай сұрау түскен сәттен бастап екі аптаның ішінде орындайды."; 9-тармақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің" деген сөздерден кейін "және оның аумақтық органдарының" деген сөздермен толықтырылсын; 1-1) тармақшаның бесінші абзацы "Келісу" деген сөзден кейін "нормативтік құқықтық актінің негізгі түрінде" деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақшаның төртінші абзацында: "мәслихаттың шешімі," деген сөздерден кейін "әкімдіктің қаулысы," деген сөздермен толықтырылсын; "мен өкімі" деген сөздер алынып тасталсын; 13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "13-1. Осы Тәртіптің 5-тармағымен көзделген жағдайларда, сондай-ақ 3-тармағында, 13-тармағының 1-1) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарында және 1-2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда нормативтік құқықтық акт тиісті заң сараптамасы жүргізілместен, осы актіні ұсынған органға пысықтауға жеті күн ішінде қайтарылады."; бірінші абзацта "Нормативтік құқықтық актінің" деген сөздердің алдынан "Осы Тәртіптің 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "Осы Тәртіптің 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілмейді."; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Қорытынды мен тіркеу нөмірі берілген "құпия" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актінің бір данасы (түпнұсқасы) құжатты тіркеуге ұсынған органға баспасөз басылымына жариялау міндеттемесінсіз жіберіледі. Екінші данасы Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында қалады."; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады."; бірінші абзац "күші жойылған деп танылған" деген сөздерден кейін "не оның қолданылуы белгілі бір мерзімге тоқтатыла тұрған" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшада "орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне немесе жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің тізіліміне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізіліміне" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1680 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 52, 478-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі туралы ережеде: сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген Ұлттық Банктің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары тіркеген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілері;"; мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары тіркеген, олар арқылы нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері бекітілетін аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілері.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |