Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 453 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 133 Қаулысымен күші жойылды
Отандық мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту және мұнай-газ бен мұнай-химия салалары үшін бәсекеге қабілетті өнім өндіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айкындалған, «Еркін қойма» кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 16, 193-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркін қойма» кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35-жолдармен толықтырылсын:
"28. | Сыйымдылығы 300 литрден астам, қапталған немесе термооқшаулағышы бар немесе оларсыз, бірак механикалық немесе жылу техникалық жабдығы жоқ кез келген (сығылған немесе сұйылтылған газдан басқа) заттарға арналған қара металдардан жасалған резервуарлар, цистерналар, бактар және осыған ұқсас сыйымдылықтар | 7309 00 100 0 7309 00 300 0 7309 00 590 0 | 282111 2821 12.30 2821 11 |
29. | Басқа да сыйымдылығы 1000 литр немесе одан астам сығылған немесе сұйылтылған газға арналған қара металдардан жасалған сыйымдылықтар | 731100 990 0 | 282130 |
30. | Кеме жабдықтарына арналмаған буды қатты ысытқышы бар су қазандары; кеме жабдықтарына арналмаған бу және буды қатты ысытқышы бар қазандардың бөліктері; | 8402 20 000 9 8402 90 000 9 | 28.30 11 2830 13 |
31. | 8402 немесе 8403 тауар позициясының қазандарымен бірге пайдалануға арналған қосалқы жабдық (мысалы, экономайзерлер, буды қатты ысытқыштар, күйе кетіргіштер, газ рекуператорлары) | 8404 10 000.0 8404 90 000 0 | 2830 12 2830 12 |
32. | Тұрмыстық мақсаттарда пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, материалдарды қыздыру, пісіру, қуыру, дистилдеу, ректификациялау, стерильдеу, пастерлеу, булау, кептіру, буын шығару, сұйылту немесе салқындату сияқты температура өзгертілетін процесте өңдеуге арналған машиналар, электрмен немесе электрсіз қыздырылатын өнеркәсіптік немесе зертханалық жабдық (8514 тауар позициясының пештерін, камераларын және басқа жабдығын қоспағанда) | 8419 40 000 9 8419 50 900 0 8419 89 989 0 8419 90 800 9 | 2924 11 2923 11 2924 40 2923 30 |
33. | Басқа да бұрғылау немесе өткін машиналары | 8430 41 000 0 8430 49 000 0 | 2956 25 2956 25 |
34. | Жер асты жұмыстарына арналмаған басқа да машиналар және өздігінен жүретін тетіктер | 8430 50 000 9 | 2956 25 |
35. | 8430 41 немесе 8430 49 қосалқы позициясының бұрғылау немесе өткін машиналарының бөліктері | 8431 43 000 0 | 2956 26 |
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |