Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы № 473 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы |
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы атқарушы директорының міндетін атқарушы; |
мына:
«Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекшінің орынбасары |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы». |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |