|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспеде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта: 2-1-тармақта: екінші абзацта: "орынбасарлары", "олардың" деген сөздер тиісінше "орынбасары", "оның" деген сөздермен ауыстырылсын; ", сондай-ақ екі және одан астам мемлекеттік органдардың құзыреті шегінен шығатын мәселелер бойынша" деген сөздер алынып тасталсын; төртінші абзацта "құрамына кіретін" деген сөздер "мүшелері болып табылатын" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ "Жұмыс топтары" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған" деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 10-тармақта "1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда" деген сөздер "1) тармақшасында көзделген жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Комиссиялардың/жұмыс топтарының мүшелері олардың қызметіне ауыстыру құқығынсыз қатысады."; 16-тармақта "комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді" деген сөздер "комиссия/жұмыс тобы жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және комиссия/жұмыс тобы әзірлейтін шешімдер үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап береді" деген сөздермен ауыстырылсын; 17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Хатшы комиссияның/жұмыс тобының мүшесі болып табылмайды."; 19-тармақтың үшінші абзацында "отырысқа қатысқан" деген сөздер "міндетті түрде барлық" деген сөздермен ауыстырылсын; 20-тармақта "комиссия", "комиссияның" және "комиссияға" деген сөздер тиісінше "комиссия/жұмыс тобы", "комиссияның/жұмыс тобының" және "комиссияға/жұмыс тобына" деген сөздермен ауыстырылсын; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "21. Комиссияның/жұмыс тобының қызметін тоқтату үшін осы Нұсқаулықтың 20-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған немесе комиссияның/жұмыс тобының құрамына немесе функцияларына өзгерістер енгізу қажет болған кезде комиссияның жұмыс органы болып табылатын не лауазымды адамы жұмыс тобының жетекшісі болып табылатын мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің тиісті жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне уақтылы енгізеді. Егер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның орынбасары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы немесе оның орынбасары жұмыс тобының жетекшісі болып табылған жағдайда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тиісті өкімін жұмыс тобы жетекшісінің тапсырмасы бойынша осындай тапсырмада көрсетілген мемлекеттік орган енгізеді."; "Жұмыс тобының" деген сөздер "Комиссияның/жұмыс тобының" деген сөздермен ауыстырылсын; "Премьер-Министрдің Кеңсесіне" деген сөздерден кейін "оған сәйкес комиссия/жұмыс тобы құрылған Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулысының немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп тану туралы шешімнің жобасымен бір мезгілде" деген сөздермен толықтырылсын; бірінші абзацта "Жұмыс тобының есеп-хаты" деген сөздер "Есеп-хат" деген сөзбен ауыстырылсын; 1) және 2) тармақшаларда "жұмыс тобы" деген сөздер "комиссия/жұмыс тобы" деген сөздермен ауыстырылсын; 25-1-тармақта "тиісті орынбасарлары", "орынбасарлары" деген сөздер "орынбасары" деген сөзбен ауыстырылсын; 25-3-тармақта "тиісті орынбасарларының", "тиісті орынбасары" деген сөздер тиісінше "орынбасарының", "орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын; 25-4-тармақтың үшінші абзацында "тиісті" деген сөз алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |