|
|
|
ҚР Үкіметінің 2006.28.06. № 470а қаулысымен 72-1-72-12-қосымшалармен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 72-1 ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 234792 мың теңге (екі жүз отыз төрт миллион жеті жүз тоқсан екі мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы; «Қызмет телефондары және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар үшін электр жарығын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызметтерді қолданудың нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының ішіндегі қызметтік іссапары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: стратегиялық саясатты жүргізу, туризм және спорт саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндетi: туризм және спорт саласында құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерді құру жөнінде іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, дене шынықтыруды, жоғары жетістіктер спортын және салауатты өмір салтын дамыту мен насихаттауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар әзірлеу және оларды іске асыру, туризм және спорт салаларының дамуына талдаулар жүргізу, туризм индустриясы мен спорттың әлемдік тәжірибесін, соның ішінде кластерлік бастамалар шеңберінде зерттеу және жинақтау. Спортқа және туристік индустрияға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Туризм, дене шынықтыру мен спорт салаларындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету, жаңа технологиялар әзірлеу және салалардың даму жағдайына мониторинг жүргізу. Лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы теориялық және практикалық білімін, машықтары мен дағдыларын жаңалау. ҚР Үкіметінің 2006.11.12. № 1190 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: іс-шаралар жоспарында көзделген Министрлікке жүктелген функциялар мен міндеттерді 165 қызметкердің толық көлемінде орындауы; мемлекеттік тілге - 19 қызметкерді, ағылшын тіліне - 18 қызметкерді оқыту; туризм және спортты дамыту мәселелері бойынша 4 семинар және тренинг өткізу; кемінде 15 ұйымды аккредиттеу; Министрліктің құзыретіне жатқызылған салаларда нормативтік кесімдер әзірлеу. Соңғы нәтиже: туризм индустриясы мен спортты одан әрі өркендету үшін қажетті жағдайлар жасау; туристік кластерлерді дамыту үшін ірі инвесторлар тарту; әлемдік спорт аренасында республика имиджін көтеруді қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді оқуды 11,5 % және ағылшын тілін оқуды - 10,9 % қажеттілігін қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық тиімділігі: орталық аппараттағы 1 мемлекеттік қызметкерді ұстау үшін кететін шығынның орташа құны - 1423 мың теңге; 1 мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді оқытуға кететін орташа шығынның құны - 22,1 мың теңге; 1 мемлекеттік қызметтерге мемлекеттік тілді оқытуға кететін орташа шығынның құны - 23,2 мың теңге; Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес және белгіленген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау; Сапасы: замана экономикалық жағдайларға және мемлекеттік кәсіби қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіптік деңгейін арттыру; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру жолымен ұсынылатын қызметтерді жетілдіру. нормативтік-құқықтық кесімдерді бекіту - 100%.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 72-2-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Спорт бойынша білім беру объектілерін салу және қайта жаңарту» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 942690 мың теңге (тоғыз жүз қырық екі миллион алты жүз тоқсан мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы" 1996 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 3002 өкімі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында спортты дамыту, халықаралық спорт ареналарында жоғары көрсеткіштерге жету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дарынды балаларға таңдап алған спорт түрлерімен айналысу үшін қолайлы жағдайлар жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Алматы қаласындағы "Шаңырақ" ықшам ауданында 400 орындық республикалық мектеп-интернаттың құрылысын аяқтау. Соңғы нәтиже: спорттағы дарынды балаларға арналған объектілерді қолданысқа енгізу және спортпен айналысуға, жаттығуға жағдай жасау. Қаржы-экономикалық нәтиже: жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша. Уақтылығы: келісім шарттар бойынша жоспарланған жұмыстарды орындау. Сапасы: заңдылық пен құрылыстық нормалардың талаптарына сай.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 72-3-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Спортта дарындылық көрсеткен балаларды оқыту және тәрбиелеу» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 674184 мың теңге (алты жүз жетпіс төрт миллион бір жүз сексен төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" Заңының 18 және 24-баптары; "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 16 және 17-баптары; "Шығыс Қазақстан облысындағы Лениногорск қаласын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 900 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің "Спортта дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" 1996 жылғы 16 қыркүйектегі № 1125 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің "Лениногорск қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 маусымдағы № 673 қаулысы; Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 маусымдағы № 629 және "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат саны лимитін бекіту туралы" 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулылары; ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2007 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің "Спорттық іс-шараларға қатысушылардың тамақтану нормаларын белгілеу туралы" 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 06-2-2/208 және ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2008 болып тіркелген "Спорттық іс-шаралардың қатысушыларын фармакологиялық қалпына келтіру құралдарымен, витаминдермен және белоктық-глюкозалық препараттармен қамтамасыз ету туралы" 2002 жылғы 11 қазандағы № 06-2-2/209 бұйрықтары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына мүшелерді, үміткерлерді және халықаралық деңгейдегі біліктілігі жоғары спортшыларды дайындау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: оқушылардың таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануы үшін қолайлы жағдайлар жасау, сапалы оқу-жаттығу процесі мен жаттығу сабақтарын ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты физикалық жетілуге бағытталған жастар арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын спортшылармен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: спортта дарынды балаларға арналған Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернатта белгіленген лимит шегінде орташа жылдық контингенті - 260 оқушыны, спортта дарынды балаларға арналған Қ.Ахметов атындағы республикалық мектеп-интернатта штат саны белгіленген лимит шегінде орташа жылдық контингенті - 385 оқушыны, Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта штат саны белгіленген лимит шегінде орташа жылдық контингенті - 150 оқушыны оқыту; Спортта дарынды балаларға арналған Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: спортшыларды тасымалдау үшін 1 дана автокөлігін ("Газель"), спорттық мүкәмал - 7 дана, асхана жабдығы - 2 дана, арнаулы кабинеттерге арналған жиынтық сыныптар - 11 дана. Спортта дарынды балаларға арналған К.Ахметов атындағы республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: байдарка мен каноэде есу бөлімінің спортшыларын тасымалдау үшін 1 дана автокөлік (микроавтобус); асхана жабдығы - 13 дана, спорттық мүкәмал - 41 дана және мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу. Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: медициналық жабдық - 1 дана, асхана жабдығы - 2 дана, тұрмыстық техника - 1 дана, спорттық мүкәмал - 44 дана, физика және биология кабинеттеріне арналған жабдық - 2 жиынтық. Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебіне жабдықтар сатып алу: нысана көздеуден сабақтар мен жаттығу өткізу үшін пневматикалық пистолет - 2 дана, вентовка - 2 дана, қазіргі көпсайыс бөліміне спорттық ат - 1 бас, велосипед спорты мен қазіргі көпсайыс бөлімінде оқу-жаттығу процесін өткізу үшін 1 дана микроавтобус, шаруашылық мұқтаждықтары үшін - 1 дана "Беларусь" тракторы. Кемінде 80 оқу-жаттығу жиынын өткізу, кемінде 75 республикалық және 45 халықаралық олимпиадалық спорт түрлері бойынша жарысқа қатысу. Соңғы нәтиже: олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын халықаралық деңгейдегі білікті спортшылармен толықтыру. Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың жабдықтармен жарақтандырылуы 32%-ды, республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінде 18%-ды құрайды. Қаржы-экономикалық нәтиже: мектеп-интернаттарда бір оқушыны оқытуға кететін шығынның құны - 577,8 мың теңге және олимпиада резерві мектептерінде бір спортшыға кететін шығынның құны - 144,3 мың теңгені құрайды. Уақтылығы: халықаралық дәрежеде 182 спортшы және республика құрама командаларына келешегі бар үміткерлер дайындап шығару, оқу жоспары бойынша оқушылар даярлау және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу, спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес спорттық іс-шараларға қатысу. Сапасы: республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарды иеленуге және жоғары нәтижелер көрсетуге қабілетті спортшыларды даярлау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 72-4-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 120873 мың теңге (бір жүз жиырма миллион сегіз жүз жетпіс үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8 , 24, 43 және 44-баптары; "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 4 және 28-баптары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы" 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1264; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсіптік орта білімді, кәсіптік жоғары білімді, жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлауға 2005/2006 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы" 2005 жылғы 25 мамырдағы № 508, "Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы" 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736, "Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылы 11 қазанда № 2007 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің "Спорттық іс-шараларға қатысушыларға тамақтану нормаларын белгілеу туралы" 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 06-2-2/208 және ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2008 болып тіркелген "Спорттық іс-шаралардың қатысушыларын фармакологиялық қалпына келтіру құралдарымен, витаминдермен және белоктық-глюкозалық препараттармен қамтамасыз ету туралы" 2002 жылғы 11 қазандағы № 06-2-2/209 бұйрықтары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоғамның дене шынықтыру және спорт саласында орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлау жөніндегі әлеуметтік-экономикалық талаптарын қажеттіліктерін қанағаттандыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау үшін оқу процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау, насихатталатын олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын жоғары білікті спортшылармен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кем дегенде 13 халықаралық жарысқа даярлану және қатысу. Республикалық спорт колледжінде жылдық орташа контингенті - 238 адамды оқыту. Республикалық спорт колледжінде мамандар даярлауға жағдайлар жасау үшін жабдықтар сатып алу: асхана жабдықтары - 6 дана, асханаға арналған жиһаз (түскі ас үстелдері - 40 дана, асханалық орындықтар - 160 дана, ыдыс салатын шкаф - 4 дана, өндірістік үстелдер - 3 дана). Соңғы нәтиже: спорт ұйымдарында еңбекке орналасатын түлектердің үлесі - 60%, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыратын түлектердің үлесі - 40%-ды құрайды. Қаржы-экономикалық нәтиже: бір оқушыны оқытуға кететін шығынның орташа құны - 492,8 мың теңге. Уақтылығы: дене шынықтыру және спорт саласына 76 - орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлап шығару. Сапасы: біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету арқылы дене шынықтыру және спорт саласын дамыту.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 72-5 ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Спорт саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 40 000 мың теңге (қырық миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 20-бабы, «Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық спорт аренасында жоғары нәтижелерге қол жеткізу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндетi: тағаммен, медициналық-биологиялық және қалпына келтіру препараттарымен қамтамасыз ету жөнінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, жаттығудың жаңа әдістерін қолдану жолымен спортшылардың ағзаларының функционалдық мүмкіндіктерін арттыру. Ғылыми негізде жаттығу мен жарысу жүктемелерінің, демалудың, тамақтанудың, қалпына келтіру құралдарының, қатаң теңгермелік жүйесін жасау, жұмыс қабілетін ынталандыру және спортшы ағзасының функционалдық қорын жұмылдыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |