«Павлодар облысында металлургия кластерін жасау жөнінде ұсыныстар
әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 7 шілдедегі
№ 192-ө Өкімі
ҚР Үкіметінің 2007.31.05. № 442 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облысында металлургия кластерін жасау жөнінде ұсыныстар дайындау үшін:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, жетекшi |
Баталов Асқар Болатұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, жетекшінің Орынбасары |
Кұлсейітов Айдын Жеңісұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық саясат департаментінің директоры, хатшы |
Мамин Асқар Ұзақпайұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрi |
Балиева Зағипа Яхияқызы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрi |
Ысқақов Нұрлан Әбділдаұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi |
Нұрпейісов Қайрат Айтмұхамбетұлы | - Павлодар облысының әкімi |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi |
Смайылов Әлихан Асханұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- министрі |
Ақшолақов Болат Оралұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi |
Рахметов Нұрлан Құсайынұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы |
Шәкіров Асқар Оразалыұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Сембин Асқар Болатұлы | - «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының президентi |
Зәуірбекова Зәуре Ғалымқызы | - Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығының вице-президентi |
Ибрагимов Алмас Тұрдыметұлы | - «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамының президенті. |
2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Павлодар облысында металлургия кластерін жасау жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |