|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1304 және (2010.20.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы мен Азия және тынық мұхит инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі Жаңа-Дели іс-қимыл жоспары жөніндегі Ұлттық семинардың шеңберінде көлік инфрақұрылымдарын дамыту мен шекаралардан өтуді оңайлатудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1304 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының қазақстандық бөлігінің құрамына мыналар енгізілсін:
Қасымбек - Қазақстан Республикасының Көлік және Жеңіс Махмудұлы коммуникация вице-министрі, жетекші;
Қабиева - Қазақстан Республикасы Индустрия және Дәмегүл Нәбиқызы сауда министрлігінің Сауда саясатын дамыту және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру департаменті директорының орынбасары;
Демесінов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Алмабек Мәлікұлы министрлігінің Халықаралық ұйымдар және көп жақты ынтымақтастық департаментi Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімінің бастығы
Бұтаев - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Құдайберді Мырзаханұлы министрлігінің Фитосанитарлық қауіпсіздік департаменті стратегия және әдістеме бөлімінің бастығы;
көрсетілген құрамнан Әбілғазин Талғат Байтемірұлы, Боранғалиева Мәрзия Мұханбетрахымқызы, Қайыржанова Сәуле Абайқызы, Ахметов Асқар Әбдірашитұлы, Ерғалиева Ақгүл Күшбайқызы шығарылсын; 2) ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |