|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 391 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 620 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1.8-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 9, 61-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: «тізілімі туралы ереже» деген сөздер «тізілімін жүргізу ережесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның тізілімі туралы ережеде: «тізілімі туралы ереже» деген сөздер «тізілімін жүргізу ережесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың екінші абзацында «көрсеткіштерді» деген сөзден кейін «, оның ішінде акциялары ұлттық холдингтің және ұлттық басқарушы компанияның меншігіндегі акционерлік қоғамдардың (олардың еншілес, тәуелді ұйымдарын және өзінің қатысу үлесін есепке алу және олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, қатысушылардың қаржылық есептілігінде активтерді, міндеттемелерді, осы қызметтен түсетін кірістер мен шығыстарды көрсету үшін бірлескен қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда) қызметі туралы ақпаратты» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «экономика секторларында мемлекеттік активтерді басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға уәкілетті мемлекеттік органның Тізілімге қол жеткізуін ұйымдастырады»; 6-тармақтың бесінші абзацында «әкімшіліктендіру» деген сөзден кейін «, ұсыну және қолдау» деген сөздермен толықтырылсын; «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» деген сөздердің алдынан «Жергілікті атқарушы органдар,» деген сөздермен толықтырылсын; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын; «Мемлекеттік кіріс» деген сөздер «Қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын: «26-1. Тізілімді жүргізу жүйесіне жергілікті атқарушы органдардың қол жеткізуін ұсыну мен қолдауға байланысты жұмыстарды, сондай-ақ Тізілімді пайдалана отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша орындалатын өзге де жұмыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»; «Ұлттық Банк» деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі»; «Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» деген бөлімде: тақырыбы «комитеті» деген сөзден кейін «(республикалық меншік бойынша)»; реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:
«Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті» деген бөлімнің тақырыбында «Мемлекеттік кіріс» деген сөздер «Қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын: «Жергілікті атқарушы органдар (коммуналдық меншік бойынша)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |