«Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы»
Осы редакция 2006 ж. 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Еуразия даму банкін құру және оның жұмыс істеуі үшін қажетті ішкі және халықаралық құқықтық құжаттардың және өзге де материалдардың жобаларын әзірлеу жөніндегі сараптамалық ұйымдастыру тобын қаржыландыру мақсатында ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті Хатшылығының арнайы шотына аудару үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 31750000 (отыз бір миллион жеті жүз елу мың) теңге бөлінсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|