|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы»24 желтоқсандағы № 1270 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 45, 405-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесінде: 6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Меншік нысандары мен ведомстволық тиесілігіне қарамастан кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын, сондай-ақ кәсіптік орта білімнің білім беру бағдарламалары мен мамандандырылған білім беру бағдарламаларын іске асыратын ведомстволық бағыныстағы медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган ұйымдастырады және өткізеді.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Білім беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттік аттестаттауды аттестаттау комиссиясы өткізеді, оның құрамын өз құзыреті шегінде тиісті атқарушы орган бекітеді. Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды аттестаттау комиссиясы өткізеді, оның құрамын медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган бекітеді.»; 11-тармақтың бірінші абзацында «Аттестаттау» деген сөздің алдынан «Білім беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттік аттестаттауды жүргізу үшін» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: «11-1. Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізуге арналған аттестаттау комиссияларының құрамына: 1) білім беру саласындағы орталық атқарушы органның және медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның өкілдері; 2) қарамағында медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдардың өкілдері; 3) медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді.»; бірінші абзацта «білім беру ұйымдарын» деген сөздерден кейін «(медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды аттестаттау комиссиясы медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган бекітетін кестеге сәйкес әрбір медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымы үшін он күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.»; «білім беру ұйымдары» деген сөздерден кейін «(медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Мемлекеттік аттестаттауға жататын медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттау кестелеріне сәйкес мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей құжаттарды медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органға ұсынады.». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |