|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулыға 426-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында: «Франциядан,» деген сөзден кейін «Америка Құрама Штаттарынан, Сингапурдан, Жаңа Зеландиядан, Австралиядан,» деген сөздермен толықтырылсын; «Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақта: «Тікелей нәтижеде» «Халықаралық сарапшылар мен дәріскерлерді Франциядан - 3 адам,» деген сөздерден кейін «Америка Құрама Штаттарынан - 2 адам, Сингапурдан - 1 адам, Жаңа Зеландиядан - 1 адам, Австралиядан - 1 адам» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |