|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1061 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 11, 109-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларында: «Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда» деген 1-бөлімнің «Төлем ставкалары, бір килограмм үшін теңгемен» деген бағанында: реттік нөмірі 2-жолдағы «30» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын; реттік нөмірі 8-жолдағы «25» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын; реттік нөмірі 24-жолдағы «10» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын; реттік нөмірі 27-жолдағы «5» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |