Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде: 8-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президентінің инвестиция мәселелерін қадағалайтын көмекшісі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Кеңестің шетелдік тараптан құрамына байланысты мәселелерді қарау мақсатында Кеңестің шетелдік тараптан құрамын реттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады, оның құрамы Кеңестің жалпы отырысында бекітіледі.»; бірінші абзацта: «жұмыс органы» деген сөздер алып тасталсын; 1)-7) тармақшалардағы «қатысуын», «беделін», «маңыздылығын», «қызметін», «дайындығын», «қатысуын», «ұсынымдарын ескереді» деген сөздер тиісінше «қатысуы», «беделі», «маңыздылығы», «қызметі», «дайындығы», «қатысуы», «ұсынымдары» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы «міндеттерін» деген сөзден кейін «және экологиялық сипаттағы міндеттерін» деген сөздермен толықтырылсын; мынандай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының басым салаларындағы халықаралық ұйымның немесе шетелдік компанияның қызметі ескеріледі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|