|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: 1) бюджет түсімдерінің сыныптамасында: 1 «Салықтық түсімдер» санатында: 05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар» сыныбында: 1 «Қосылған құн салығы» ішкі сыныбындағы 03 «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе бойынша шикізат секторы ұйымдарының өндірген тауарларына, орындаған жұмыстарына және көрсеткен қызметтеріне салынатын қосылған құн салығы» ерекшелігі алынып тасталсын; 2 «Акциздер» ішкі сыныбында: 06, 12, 15, 46-ерекшеліктер: «06 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шампан шараптары 12 Қазақстан Республикасының аймағында өндірілген шарап ішімдіктері 15 Қазақстан Республикасының аймағына импортталатын шарап ішімдіктер 46 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын шампан шараптары» алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 09, 13, 16, 17, 19, 20, 21 және 22-ерекшеліктермен толықтырылсын: «09 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген сигареттер 13 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын сигареттер 16 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген сигариллалар 17 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын сигариллалар 19 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына салынған және түпкілікті тұтынуға арналған шегетін темекі, шайнайтын темекі, иіскейтін темекі және басқалар 20 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына салынған және түпкілікті тұтынуға арналған шегетін темекі, шайнайтын темекі, иіскейтін темекі және басқалар 21 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бренди 22 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бренди»; 03, 08, 10, 11, 14, 37, 43, 48, 50 және 51-ерекшеліктер мынадай редакцияда жазылсын: «03 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген этил спиртінің көлемдік үлесі 30-дан 60 процентке дейін күшті ликер-арақ бұйымдар 08 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген этил спиртінің көлемдік үлесі 12-ден 30 процентке дейінгі градусы аз ликер-арақ бұйымдары 10 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген фильтрлі сигареттер 11 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген фильтрсіз сигареттер, папиростар 14 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын этил спиртінің көлемдік үлесі 1,5-тен 12 процентке дейінгі градусы аз ликер-арақ бұйымдары 37 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген этил спиртінің көлемдік үлесі 1,5-тен 12 процентке дейінгі градусы аз ликер-арақ бұйымдары 43 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын этил спиртінің көлемдік үлесі 30-дан 60 процентке дейін күшті ликер-арақ бұйымдары 48 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын этил спиртінің көлемдік үлесі 12-ден 30 процентке дейінгі градусы аз ликер-арақ бұйымдары 50 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын фильтрлі сигареттер 51 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын фильтрсіз сигареттер, папиростар»; 3) «Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер» ішкі сыныбындағы 16-ерекшелік мынадай редакцияда жазылсын: «16 Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы»; 2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында: 01 «Ауыл шаруашылығы» кіші функциясында: 255 «Облыстың ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы)» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 018-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «018 Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |