|
|
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының мәселелері (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бұқаралық және қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып бөліну жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Қызметінің негізгі мәні: 1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қысқы спорт түрлері саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру; 2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бұқаралық спорт түрлері саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын; 2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 2-бөлімде: реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын: «4. «Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-3-жолмен толықтырылсын: «15-3. «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»; 3) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |