Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
Осы редакция 2007 ж. 11 маусымға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрi - Министрлiк) өз құзыретi шеңберiнде көші-қон процестерiн реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты, салааралық үйлестірудi және арнайы атқарушылық, рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтілген адамның тұрғылықты жерiн еркiн таңдау, кету еркiндігі, жүріп-тұру еркiндігі құқықтарының iске асырылуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес республиканың қазіргi әлеуметтік-экономикалық жағдайын, оның өткен тарихы мен дәстүрлерiн, даму перспективаларын ескере отырып мемлекеттік көші-қон саясатын iске асыру болып табылады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртiппен қазынашылық органдарында ашылған шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 4. Комитеттiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. 5. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен бұйрықтар шығарады. 6. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 7. Комитеттің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Әуезов көшесi, 103 "a". 8. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінің Көші-қон комитетi" мемлекеттік мекемесi. 9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 10. Комитеттің қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Комитетке, кәсiпкерлiк субъектілерiмен өзiнiң функциялары болып табылатын міндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда ол қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жіберіледi. 2. Комитеттің негiзгі функциялары мен құқықтары 11. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі мынадай функцияларды, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады: 1) көші-қон процестерін талдау және болжау; 2) өз құзыретiнің шегiнде халықтың көші-қоны саласындағы тұжырымдамалар мен бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету; 3) шетелдегi қазақ диаспорасының тарихи отанына ерiктi көшуiмен байланысты проблемаларын зерделеу; 4) бекітілген иммиграция квотасы шегiнде оралмандарды қабылдау мен оларды орналастыруды ұйымдастыру; 5) келген босқындарды, реэмигранттар мен оралмандарды тiркеудi, есепке алуды жүзеге асыру, сондай-ақ заңнамада белгiленген жағдайларда оларға сараланған жәрдемақылар мен жеңiлдiктер төлеу; 6) өз құзыретінiң шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау; 7) белгіленген иммиграция квотасына сәйкес шетелдiктер мен олардың отбасы мүшелерінің республикаға қоныс аудару туралы қолдау хаттары жөніндегі Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерінің ұсыныстарын зерделеу және қорытындылар әзiрлеу; 8) өз құзыретінің шегінде оралмандардың жұмыспен қамтамасыз етілуiн ескере отырып, оларды ыңғайлы қоныстандыру мәселелерiн шешу; 9) өз құзыретінің шегiнде басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша ынтымақтасу; 10) азаматтардың өтiнiштерiн қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау, Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау; 11) шетелдiк жұмыс күшiн тартумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкетумен байланысты қызметке лицензия беру, оларды тоқтата тұру және қайтарып алу; 12) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау саласындағы мәселелердi шешу; 13) өз құзыретінің шегінде көшi-қон саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; 14) шетелдiк жұмыс күшін тартумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан жұмыс күшін шетелге әкетумен байланысты қызметті жүзеге асыру кезiнде лицензиаттардың лицензиялық ережелердi сақтауын, лицензиаттың лицензияда қамтылған талаптарды орындауын бақылау; 15) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың белгiленген квота шеңберiнде шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру ережесін сақтауын бақылау; 16) өзінің аумақтық органдарының қызметiне басшылық жасау және үйлестiру. 12. Негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін Комитеттiң заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Комитетке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан сұратуға және алуға; 2) иммигранттардың оларды реэмигранттар, оралмандар не босқындар деп тану туралы өтiнiштерi бойынша шешім қабылдауға немесе шешiм қабылдаудан бас тартуға; 3) Қазақстан Республикасында саяси баспана алғысы келетiн адамдардың жазбаша өтінiштерін қабылдауға, ол үшін қажеттi құжаттарды ресiмдеуге және Қазақстан Республикасы Президентінің тиістi шешімдерінің негiзiнде саяси баспана берiлген туралы куәліктер беруге; 4) Қазақстан Республикасындағы халықтың көшi-қон жағдайына әсер ететін қаржы-кредиттiк, инвестициялық және салық шараларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар eнгізуге; 5) халықтың көші-қон проблемалары бойынша конференциялар мен семинарлар өткізуге құқығы бар. 13. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар. 14. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктің, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады. 15. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 16. Комитеттiң өзiне бекітілген мүлiкті және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүліктi, егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше белгiленбесе, өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру 17. Комитетті Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады. Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 18. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген міндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады. 19. Комитет төрағасы осы мақсаттарда: 1) төрағаның орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн айқындайды; 2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн, аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және босатады; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерi мен аумақтық органдардың басшыларына көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртiптік жазалар қолдану мәселелерiн шешедi; 4) бұйрықтарға қол қояды; 5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық және басқа да қазақстандық және шетелдiк ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қатынастарда Комитеттi бiлдiредi; 7) өз құзыретiнің шегiнде Комитеттiң атынан келісімдер, шарттар және өзге де мәмiлелер жасайды; 8) заңнамаға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға Комитет атынан талаптар мен қуынымдар беру туралы шешімдердi қабылдайды. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. |