«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне
Осы редакция 2007 ж. 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 20 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 15 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: 1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 27-1-жолмен толықтырылсын: «27-1 Облыстық (республикалық турагенттік туроператорлық маңызы бар қаланың, қызметтi және туризм астананың) атқарушы нұсқаушысының қызметтерiн органдар жүзеге асыру»; 2) «Туристік қызметтi лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1213 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 428-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Туристік қызметтi лицензиялау ережесінде: 1-тармақта: «, экскурсияларды,» деген сөз алынып тасталсын; «уәкiлетті органның - лицензиардың» деген сөздер «облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың - лицензиардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «, экскурсиялық» деген сөз алынып тасталсын; 5-тармақ алынып тасталсын; 6-тармақта «жеті ай iшiнде» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбеге сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Лицензияны облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган лицензиатқа заңды тұлғалар үшiн - оның әдiлет органдарында тіркелген жері бойынша, жеке тұлғалар үшiн - салық органдарында тiркелген жерi бойынша бередi.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Лицензиат қызметтiң осы түрiмен айналысатын филиалдар (өкiлдiктер) ашқан жағдайда лицензиат филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелу орны бойынша орналасқан лицензиарға филиалдардың (өкілдiктердiң) осы Ереженiң 22, 23, 25-тармақтарында белгiленген біліктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады. Бұл ретте лицензиар он шешiм қабылданғаннан кейiн филиалдардың (өкілдiктердiң) орналасқан жерiн көрсете отырып, лицензияға қосымшаны ресiмдейдi.»; 10-тармақтағы «субъектiге» деген сөз «өтiнiш берушiге» деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) жарғының, заңды тұлғаның тiркелгенi туралы куәлiктiң және статистикалық кәртiшкенiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;»; 10) тармақшаның қазақ тіліндегi мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын: «10) экскурсиялық қызметтi жүзеге асыратын, оқу орнын (тиiстi курстарды) бiтiргендiгi туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылардың (жолбасшы-аудармашылардың), экскурсия жүргiзушiлердiң тiзiмi бар туристiк ұйыммен шарттың көшiрмесi;»; 17-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) мыналардың: жарғының, мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң (заңды тұлғалар үшiн), жеке куәлiктiң, жеке кәсiпкердi тiркеу туралы куәлiктiң немесе патенттiң (жеке тұлғалар үшiн) нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;»; 18-тармақ алынып тасталсын; 21-тармақтағы «, экскурсиялық» деген сөз алынып тасталсын; 22-тармақтың 9) тармақшасының қазақ тіліндегi мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын: «9) экскурсиялық қызметте жүзеге асыратын, оқу орнын (тиiстi курстарды) бiтiргендiгi туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылардың (жолбасшы-аудармашылардың), экскурсия жүргiзушiлердiң тiзiмi бар туристiк ұйыммен шарт;»; 24-тармақ алынып тасталсын; 25-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) меншiктi немесе жалға алынған туристік жарақтар.»; 26-тармақтың 1) тармақшасындағы және 27-тармақтағы «, экскурсиялық» деген сөз алынып тасталсын; 3) «Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында: «Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары» деген 1-тараудың 4-тармағы 34) тармақшасындағы «, экскурсиялық» деген сөз алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|