Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 23 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2007 ж. 30 маусыдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсiн: 1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 3-бағанда: 6-тармақтың жетіншi абзацы мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын: ", бөренелер тiлу жөніндегі жұмыстарды қоспағанда"; 43-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "бөренелер тілу жөніндегі жұмыстар"; 2) "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 1, 9-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесiнде: 8-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: "9) бөренелер тiлу.". 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|