«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар (2007.23.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 25 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, iшкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, біржолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., №№29, 255-құжат): 1) тақырыбындағы, 1-тармақтағы «Мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, біржолғы жәрдемақыларын тағайындау мен оны төлеудің ережесінде және көрсетілген Ережеге 1-қосымшада: тақырыбындағы және мәтініндегі «Мемлекеттік» деген сөздер алынып тасталсын; мәтініндегі «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы», «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің», «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 38, 327-құжат): 1) 2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесінде: мәтіндегі «МӨҚ», «МӨҚ-ке», «МӨҚ-та» деген аббревиатурлар тиісінше «өртке қарсы қызмет органдары», «өртке қарсы қызмет органдарына» және «өртке қарсы қызмет органдарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын; 5-тармақтың бірінші абзацындағы «МӨҚ» деген аббревиатура «өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын өртке қарсы қызмет органы және оның аумақтық органдары (бұдан әpi - өртке қарсы қызмет органдары)» деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақтың екінші абзацы «жұмыс жағдайына» деген сөздерден кейін « , сондай-ақ үйді жылытуға арналған тұрмыстық пештерге « деген сөздермен толықтырылсын; 14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген жағдайларда адамдардың қаза болу, жарақаттану фактілері мемлекеттік есепке алуға жатпайды және жазатайым оқиғалар, қасақана өлтіру (өзін-өзі өлтіруге) не қасақана өлтіруге (өзін-өзі өлтіруге) әрекет жасау деп саналады»; 17-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады. 3. «Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1271 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 43, 394-құжат): 1-тармақтағы «мемлекеттік өртке қарсы қызметпен» деген сөздер «өртке қарсы қызмет органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:»; 6-тармақтағы «Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде: мәтініндегі «мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерінің» деген сөздер«» өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының « деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 35, 462-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережесінде: 6-тармақтың 3) тармақшасындағы «мемлекеттік өртке қарсы» деген сөздер «өртке қарсы» деген сөздермен ауыстырылсын; 13-тармақтағы «мемлекеттік өртке қарсы қадағалау» деген сөздер «өртке қарсы қызмет органдары» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бірыңғай нысанында: "мемлекеттік өрт қадағалау органдары" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын. 6. "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндіру әрі сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 763 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 237-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндіру әрі сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарында: "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдар (бұдан әрі - жарылғыш материалдар) жасауға қойылатын біліктілік талаптары" деген 1-бөлімнің 6) тармақшасындағы және "Жарылғыш заттарды өндіруге әрі сатуға қойылатын біліктілік талаптары" деген 2-бөлімнің 8) тармақшасындағы «Мемлекеттік» деген сөздер алынып тасталсын. 7. «Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі № 776 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 237-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде: 2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. «Азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарды әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға байланысты қызметті лицензиялау жөніндегі біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 787 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 240-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарды әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға байланысты қызметті лицензиялау жөніндегі біліктілік талаптарында: 2-тармақтың 4) тармақшасындағы "Мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын. 9. "Өрт сөндіру жөніндегі жауынгерлік ic-қимылдарды орындауға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен өрт сөндіруге тартылған күштер үшін ұйымдардың аумақтарында өрт сөндіру кезінде қажетті күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнімдерін және демалыс орындарын ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 шілдедегі № 801 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 247-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Өрт сөндіру жөніндегі жауынгерлік ic-қимылдарды орындауға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен өрт сөндіруге тартылған күштер үшін ұйымдардың аумақтарында өрт сөндіруге кезінде қажетті күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнімдерін және демалыс орындарын ұсыну ережесінде: 2-тармақтағы "Мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын. 10. "Халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімді насихаттау, оқыту ережесін бекіту туралы"»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1327 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 45, 452-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімді насихаттау, оқыту ережесінде; мәтініндегі "Мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын; 6-тармақтағы «"Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органы" деген сөздер "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақтың үшінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 17-тармақтағы "Мемлекеттік өртті қадағалау" деген сөздер "өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын. 11. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысандық және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілігі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 қаулысында: 1) тақырыптағы, 1-тармақтағы және көрсетілген қаулыға қосымшалардың атауларындағы: "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулыға 5-қосымшаға ескертуде: 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің"»деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) көрсетілген қаулыға 6-қосымшада: "1. МӨҚ бастықтарына және олардың орынбасарларына, жасақ бастықтарына және олардың орынбасарларына" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аумақтық органдардың бастықтарына және олардың орынбасарларына, "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, жасақ бастықтарына және олардың орынбасарларына"; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің және басқа да Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі қызметкерлерінің, оларға белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген нысандық киімдерінің үлгілерінде: "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын; "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаменті" деген сөздер алынып тасталсын; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық киімдерінің үлгілері"; 5) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің және басқа да төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі қызметкерлерінің, оларға белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген нысандық және арнайы киім-кешектерінің сипаттамасында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық және арнайы киімдерінің сипаттамасы"; мәтініндегі "Мемлекеттік өртке қарсы қызметіне", "Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің" деген сөздер "Өртке қарсы қызмет органдарына", "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын; "Айырым белгілерінің сипаттамасы" деген V тараудың "Жеңдік белгілердің, бейдждердің және кеудедегі жапсырмалардың сипаттамасы" деген бөлімінде: "ҚР ТЖА МӨҚ" деген аббревиатура "өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын; "ТЖА" деген аббревиатура "ТЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 12. ҚР Үкіметінің 2007.23.02. № 138 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 13. ҚР Үкіметінің 2006.05.05. № 371 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 14. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 ақпандағы № 150 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 6, 89-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген босатылатын әскери-техникалық құралдарды жою (жою, пайдаға асыру, көму) және қайта өңдеу жөніндегі лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарында: мәтініндегі "Мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, қару-жарақты және оның оқ-дәрілерін, әскери техниканы, қосалқы бөлшектерді, жинақтаушы элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарында: мәтініндегі "Мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын. 15. "Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 239 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 10, 129-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесінде: 13-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын; көрсетілген тізбеге ескертудегі: "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментімен, бас басқармаларымен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармаларымен" деген сөздер "өрт қауіпсіздігі саласында бақылау функцияларын жүзеге асыратын өртке қарсы қызмет органымен" деген сөздермен ауыстырылсын. 16. "Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын және лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 шілдедегі № 618 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 24, 301-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Темекі өнiмдepiн өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде: 5-тармақтың 8) тармақшасындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын. 17. "Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 шілдедегі № 635 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 24, 307-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою жөніндегі лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарында: мәтіндегі "Мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын. 18. "Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінде: 7-тармақтағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын. 19. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде: 10-тармақтың 2-тармақшасының жиырма бірінші абзацындағы "мемлекеттік өртке қарсы қызмет" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақтың 6) тармақшасындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын; 2) ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 626 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 20. "2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1347 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 50, 644-құжат): мәтіндегі "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын. 21. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджеттік шығыстардың экономикалық сыныптамасында: "Ағымдағы шығындар" 1-санатындағы "Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар" 1-сыныбындағы "Жалақы" 110 кіші сыныбындағы 114 ерекшелігінің "Әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы органдары және мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары" деген атауындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын.
Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметін ұйымдастырудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 20, 192-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1345 қаулысының 1 және 2-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 45, 433-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі № 505 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 15, 121-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы. 4. "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әpi реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 шілдедегі № 1143 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 33, 305-құжат) 3-тармағы және 7-тармағының екінші - қырық екінші абзацтары. 5. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы №1788 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 56, 507-құжат) 2-тармағының екінші және үшінші абзацтары. 6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қаңтардағы № 10 қаулысы. 7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 616 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 20-21, 213-құжат).
|