|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 678 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 678 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 321-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесінде: «жолдауы,» деген сөзден кейін «бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау және» деген сөздермен толықтырылсын; «жергілікті бюджеттік бағдарламаларды атқару тиімділігін бағалаулар» деген сөздер алынып тасталсын; 2-тармақта: 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін айқындау.»; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін айқындау;»; 4-тармақтағы «шілдесіне» деген сөз «маусымына» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын: «4-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде түсімдердің болжамды көрсеткіштерін және өңірдің стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттарын көрсете отырып, тиісті қаржы жылының облыстық бюджетін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау туралы шешім қабылдайды. 4-2. Облыстық бюджеттерді, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі Қазақстан Республикасы-ның Президенті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей қабылданады.»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Бюджет шығыстарының лимиттерін және облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесін айқындау»; «теріс операциялық сальдоның жол берілетін шектегі мөлшері» деген сөздер алынып тасталсын; «жол берілетін шектегі мөлшері» деген сөздер «жол берілетін шектегі мөлшерлері» деген сөздермен ауыстырылсын; «облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті тапшылығының» деген сөздердің алдынан «, теріс операциялық сальдоның» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана басым бюджеттік инвестициялық жобаларының (бағдарламаларының) тізбесін қалыптастыру облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесі негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысанда өткен жылғы есептік деректер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер көрсетілетін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің бюджеттік бағдарламаларынан қалыптастырылады. Жоспарланатын кезеңнің бірінші жылында іске асырылуы басталатын облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесіне енгізілетін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің бюджеттік бағдарламалары сонымен қатар мынадай талаптарға сай болуға тиіс: 1) мемлекеттік функцияларға сәйкес келу; 2) мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларға сәйкес келу; 3) орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келу; 4) бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) үшін техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы болуы.»; мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9-1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік комиссияның қарауына: облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиттерін (бұдан әрі - ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиті); облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін (бұдан әрі - бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттері); облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін енгізеді.»; «5 шілдесіне» деген сөздер «7 маусымына» деген сөздермен ауыстырылсын; «лимиттерін» деген сөзден кейін «, сондай-ақ облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін» деген сөздермен толықтырылсын; 11-тармақ «ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін» және «бюджеттік даму бағдарламалары үшін» деген сөздерден кейін «және облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін» деген сөздермен толықтырылсын; «жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға» деген сөздер «жарғылық капиталға» деген сөздермен ауыстырылсын; «шілдесіне» деген сөз «маусымына» деген сөздермен ауыстырылсын; «бюджеттік инвестициялар» деген сөздер «бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстары» деген сөздермен ауыстырылсын; «жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға» деген сөздер «жарғылық капиталына» деген сөздермен ауыстырылсын; 15-тармақтағы «Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін» деген сөздермен толықтырылсын; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен: бірыңғай бюджет сыныптамасы; бюджет шығыстарының лимиттері; өткен қаржы жылында бюджет комиссиясы мақұлдаған үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінім; республиканың немесе өңірдің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және орта мерзімді фискалдық саясат; бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жеткізген басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі; бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасы; бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүргізген, жоспарланатын қаржы жылына ауысатын бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау нәтижелері негізінде жасалады.»; 18-тармақтағы «10 тамызынан» деген сөздер «1 шілдесінен» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы қабылдаған бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау туралы шешім қабылданған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдерін ұсынады.»; 20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды: болжанатын қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама бойынша паспорттардың жобалары, қаржыландыру жоспарларының жылдық сомалары, шығыстар есептері; бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүргізген бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалау нәтижелері негізінде; және: өңірдің тиісті болжанатын жылдарға арналып қабылданған стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларына және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына; егер алдағы қаржы жылында осы бағдарламаны іске асыру көзделсе, бюджеттік бағдарламалардың өткен және ағымдағы жылдарда іске асырылуын талдауға сәйкес жүргізеді.»; 22-тармақтағы «25 тамызынан» деген сөздер «25 шілдесінен» деген сөздермен ауыстырылсын; «5 қыркүйегіне» деген сөздер «25 тамызына» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытынды дайындайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінімдерді ұсынған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына шешім қабылдау үшін енгізеді.»; 27-тармақтағы «бере алмайды» деген сөздер «беруге құқығы жоқ» деген сөздермен, «әкімшілері» деген сөз «әкімшілерінің» деген сөзбен ауыстырылсын; 29-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын және бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың есептерін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес келтіреді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы шешім қабылдаған күннен кейін 3 жұмыс күнінің ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.»; 30-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қабылдаған шешімдерінің негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қорытындысынан кейін 5 жұмыс күні ішінде нақтыланған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»; 31-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының нақтыланған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы бойынша шешімдерінің негізінде 10 жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.»; 34-тармақтағы «тамызына» деген сөз «шілдесіне» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 34-1, 34-2-тармақтармен толықтырылсын: «34-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде өңірдің стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын ескере отырып, түсімдердің болжамды көрсеткіштері мен бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттарын ескере отырып, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін нақтылау туралы шешім қабылдайды. 34-2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін нақтылау тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің нақтылануына байланысты жүргізілген жағдайда мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімге қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктермей маслихаттың тиісті шешімі қабылданады.»; 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «8-тарау. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті шығыстарының лимиттерін және басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесін айқындау»; «теріс операциялық сальдоның жол берілетін шектегі мөлшері» деген сөздер алынып тасталсын; «шектегі мөлшері» деген сөздер «шектегі мөлшерлері» деген сөздермен ауыстырылсын; «ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті тапшылығының» деген сөздерден кейін «, теріс операциялық сальдоның» деген сөздермен толықтырылсын; 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «36. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларының (бағдарламаларының) тізбесін қалыптастыру аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесі негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысандағы өткен жылғы есептік деректер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер көрсетілетін аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламаларынан қалыптастырылады. Жоспарланатын кезеңнің бірінші жылында іске асырылуы басталатын, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесіне енгізілетін аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламалары сонымен қатар мынадай талаптарға жауап беруге тиіс: 1) мемлекеттік функцияларға сәйкес келу; 2) мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларға сәйкес келу; 3) орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келу; 4) бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) үшін техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының оң қорытындысының болуы.»; мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын: «39-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы бюджеттік комиссияның қарауына: ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін енгізеді.»; «5 тамызына» деген сөздер «1 шілдесіне» деген сөздермен ауыстырылсын; «лимиттерін» деген сөзден кейін «, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін» деген сөздермен толықтырылсын; 41-тармақтағы «ағымдағы бюджеттік бағдарламалары» және «бюджеттік даму бағдарламалары» деген сөздерден кейін «және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі» деген сөздермен толықтырылсын; «жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға» деген сөздер «жарғылық капиталына» деген сөздермен ауыстырылсын; «тамызынан» деген сөз «шілдесінен» деген сөзбен ауыстырылсын; «бюджеттік инвестициялар» деген сөздер «бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстар» деген сөздермен ауыстырылсын; «жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға» деген сөздер «жарғылық капиталына» деген сөздермен ауыстырылсын; «25 тамызынан» деген сөздер «15 шілдесінен» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қабылдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау туралы шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күнінің ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары бойынша бюджеттік өтінімдерді табыс етеді.»; 50-тармақтағы «10 қыркүйектен» деген сөздер «1 тамызынан» деген сөздермен ауыстырылсын; «20 қыркүйегіне» деген сөздер «1 қыркүйегіне» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және шешім қабылдау үшін оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінімдерді табыс еткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде енгізеді.»; 54-тармақтағы «өтінімдер бере алмайды» деген сөздер «өтінімдер беруге құқығы жоқ» деген сөздермен ауыстырылсын; 55-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын және бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстар есептемелерін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес келтіреді және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 3 жұмыс күннің ішінде оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.»; 56-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қабылдаған шешімдері негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қорытындыларынан кейін 5 жұмыс күні ішінде нақтыланған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»; 57-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының нақтыланған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы бойынша қабылданған шешімдерінің негізінде 10 жұмыс күнінің ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |